Пайдалы қазба түрі
Негізгі элемент: мырыш (Zn).
Ілеспе өнеркәсіптік элементтер: қорғасын (Pb)
Инфрақұрылым және ауданның қысқаша сипаттамасы
Шалқия кен орны Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі Қызылорда облысының Жаңақорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан. Шалқия деп аталатын ең жақын елді мекен кеніштен оңтүстікке қарай 4 км жерде орналасқан және кеңес заманында шахтерлердің отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін салынған. Шалқия кенішіне қарай битум жабынды жол төселген, ол Жаңақорған ауданында Қызылорда – Шымкент магистраль жолына түйіседі. Жаңақорған қаласының жол және теміржол қатынасы арқылы Кентау қаласындағы байыту фабрикасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қалған бөліктеріне, Шымкент арқылы Өзбекстан мен Қытайға және Қызылорда арқылы Ресейге көлік қатынасы қамтамасыз етіледі.
Кен орнында ұзындығы 27 км жеке темір жол, жеке электр желілері – 16 км, әрқайсысы 40 МВт 2 трансформаторы бар жеке қосалқы станциясы бар, сумен қамтамасыз етілген, жерасты инфрақұрылымы дамыған.
Объектінің тарихы
Шалқия кен орны 1963 жылы ашылған. 2001 жылы кен орнын «Тау-Кен» ЖШС сатып алып, кейіннен «ШалқияЦинк» ЖШС деп қайта аталған. 2002-2004 жылдар аралығында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, тау-кен-шахта жабдықтары сатып алынды. 2004 жылдың наурыз айында кеніште кен өндіру қайта жанданды. 2 млн тоннаға жуық кен өндірілді. 2008 жылдың қарашасында әлемдік дағдарысқа байланысты мырыш пен қорғасын бағасының күрт төмендеуі себебінен ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің келісімі бойынша Шалқия кенішінде өндіру тоқтатылды. 2014 жылғы маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның 100% акциясын сатып алды. 2014 жылдың шілде айында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның акциялары «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның жарғылық капиталына берілді.
Қорлары/ресурстары және геологияның қысқаша сипаттамасы
Кен қорының көлемі 104 млн тонна қорғасын-мырыш кенін құрайды (кендегі мырыш металы 3,4 млн т, қорғасын металы 0,9 млн т).
Ағымдағы мәртебесі
2016 жылы – кенішті өнеркәсіптік игеру жобасы әзірленді; технологиялық регламент әзірленді; Банктік ТЭН-і (БТЭН) әзірленді.
2017 жылғы 12 маусым – ЕҚДБ-мен кредиттік келісім – бастапқыда Жобаны іске асыру стратегиясында БТЭН-нің базалық шешімі болып табылатын ЕРС («толық аяқталған») схемасы көзделген және тиісінше ЕҚДБ-ның қарыз шартымен құпталған. ЕРС-мердігерді таңдау бойынша өткізілген конкурстардың нәтижелері «ЕРС» форматы шеңберінде жоба бойынша технологиялық және қаржылық кепілдіктерді толық көлемде қабылдауға дайын компаниялардың жоқтығын көрсетті.
2020 жылғы қаңтарда жобалау-сатып алу-құрылыс арқылы жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды көздейтін стратегия қабылданды.
2020 жылғы мамырда кеніш бойынша «Жоба» сатысының жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу аяқталды, 2020 жылғы тамызда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің оң қорытындысы алынды.
2020 жылғы желтоқсанда фабрика бойынша «Жоба» ЖСҚ-сы әзірленді, 2021 жылғы ақпанда фабрикаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды.
2021 жылғы ақпанда Шалқия кен орнының қорларын JORC стандарттары бойынша бағалау аяқталды.
2020 жылдың маусымынан 2021 жылдың қазанына дейін ЕҚДБ ережелері бойынша тау-кен жұмыстарына мердігерді таңдау, PMC инженері, инжиниринг және технологиялық жабдықты жеткізу бойынша тендерлік рәсімдер өткізілді.
2021 жылғы қаңтар-қазан аралығында кредиттік келісімдерге қол қоя отырып, ЕҚДБ-мен қарызды қайта құрылымдау жүргізілді.
2021 жылдың қараша айында тау-кен жұмыстары басталды, 2022 жылы байыту фабрикасы мен қалдық қоймасын салу жоспарланған.
Қосымша ақпарат және ескертпелер
Жобаны «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның еншілес компаниясы – «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ басқарады.