Байыту фабрикасының құрылысымен Қызылорда облысындағы Шалқия кен орнының полиметал рудасын өнеркәсіптік игеру

Пайдалы қазба түрі

Негізгі элемент: Мырыш (Zn), Ілеспе өнеркәсіптік элементтер: қорғасын (Pb)

Инфрақұрылым және ауданның қысқаша сипаты

Шалқия кен орны Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі Қызылорда облысы Жаңақорған қаласының солтүстік шығысында 17 км орналасқан. Шалқия аталатын таяу елді мекен кеніштің оңтүстігінде 4 км орналасқан және кеңес кезеңінде шахтерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғызылған. Қазіргі уақытта кенттегі халық саны шамамен 5 адам құрайды. Шалқия кенішіне қарай битум жабынды жол төселген, ол Жаңақорған ауданында Қызылорда – Шымкент магистраль жолына түйіседі. Жаңақорған қаласы жол және теміржол байланысы арқылы Кентау қаласындағы байыту фабрикасына, сондай-ақ Шымкент – Өзбекстан арқылы Қазақстан Республикасының өзге бөліктеріне, Қызылорда арқылы – Ресейге көлік қатынасы қамтамасыз етіледі.

Кен орнында ұзындығы 27 км өзіндік теміржол, 16 км– өзіндік электр желісі, әрқайсысы 40 МВт болатын 2трансформаторлы өзіндік шағын станция бар, сумен қамтамасыз етілген, жер асты инфрақұрылымы дамыған.

Объектінің қысқаша сипаты

Шалқия кен орны 1963 жылы ашылды. Кен орнын 2001 жылы «Тау-Кен» ЖШС сатып алды, кейін «ШалқияЦинк» ЖШС болып қайта аталды. 2002 – 2004 жылдар аралығында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, тау-шахта жабдығы сатып алынды. 2004 жылғы наурыздакеніштегі руданы өндіру қайта жанданды. Шамамен 2 млн. тоннакен өндірілді. 2008 жылғы қарашада, әлемдік дағдарысқа байланысты мырыш пен қорғасын бағасының күрт құлдырауына байланысты ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрлігімен келісу бойынша Шалқия кенін өндіру тоқтатылды. 2014 жылғы маусымда «ШалқияЦинк» ЖШС 100% акциясын «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алды. 2014 жылғы шілдеде «ШалқияЦинк ЛТД» АҚакциялары «Тау-Кен Самұрық» АҚ жарғылық капиталына өткізілді.

Қоры/ресурстары және геологияның қысқаша сипаты

Micon 2016 жылы Шалқия кен орны рудасының запасын Өлшенген, Болжанған және Келешектегі категориялар бойынша 148,9 млн тонна (шектік мөлшері– 3,0% ZnEq, JORC 2012), Pbмөлшері 1,658.0 мың тонна (орташа мөлшері 1.11%) және Zn – 5,966.7 мың тонна (орташа мөлшері – 4.01%) көлемінде бағалады. Руданың баланстан тыс запасы – 119,6 млн. тонна, Znмөлшері – 2,71% және Pb – 0,61%.

Ағымдағы мәртебе және жоспарланған іс-шаралардың қысқаша мазмұны

Қазіргі кенішті кеңейту және жылдық қуаты 4 млн. тонна руда, мырыш концентратындағы мырыш көлемі 100 мың тонна және қорғасын концентратындағы қорғасын 20 мың тонна болатын байыту фабрикасын салу жұмыстары жүруде. 2020 жылғы І тоқсанда жылдық қуаты 2 млн. тонна руда болатын, 1-іске қосу кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.

Қосымша ақпараттар және ескертпелер

Жобаны басқаруды «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» aкционерлік қоғамның еншілес компаниясы – «ШалқияЦинк ЛТД» aкционерлік қоғам жүзеге асырады.