Қазақстан Республикасының заңнамалық процедураларында көзделуіне сәйкес, Қоғамға, Алматы облысындағы Тұйық-Темірлік кенді аймағы мысын, қорғасынын, баритін барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығы берілген. Қазіргі уақытта келісімшартты рәсімдеу аяқталу сатысына келіп жетті. Осыған байланысты,
Қоғам, жоғарыда аталған кен орнын бірлесіп игеру мақсатында стратегиялық әріптесті (бұдан әрі – Әріптес) іздеу және іріктеу жүргізуде.
Тұйық-Темірлік кен алабы Алматы облысының қиыр оңтүстік-шығыс бөлігінде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алматы қаласы кен алабының батысында 200 км, таяу елді мекен – Кеген с. оңтүстік-батысқа қарай 15 км орналасқан. Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекара кен алабынан шығысқа қарай 85 км өтеді және Қырғызстан шекарасы одан оңтүстік-батысқа қарай 40 км. Алап шегінде мынадай мыс кенді формациялар ерекшеленеді: «Тұйық» кендену тип тармағы орта жоғарғы визей жастағы күңгей кен қабатының негізінде жатқан өнімді байлам құмдауытқа және туфоалевролитке созылады, оған Тұйық барит-қорғасын кен орнының руда денелері енеді; «Тұйық» тип тармағының кендеуі турне төменгі жастағы Кетмень кен қабатының вулканоген – тұнба шөгіндісімен оқшауланады.
Кендену Тұйық синклиналь құрылымының солтүстік және оңтүстік қанатына созылады. Геологиялық бұру ауданы шығарылып тасталған 2,787 кв. км Тұйық алабы кен орнын есепке алмағанда 373.49 кв. км құрайды. Тұйық-Темірлік кен алабының жалпы тип тармағы С2+Р1+Р2 категориялары бойынша 5000 мың тоннаға бағаланады. Мұның сыртында қорғасынның, бариттің өнеркәсіптік және ілеспе компоненттер ретінде күмістің, молибденнің, мырыштың шоғырлануын анықтау келешегі бар.
Екі тип тармақ бойынша запасы бекітілмеген, технологиялық сынақ жүргізілмеген.
Алматы облысындағы Тұйық-Темірлік кен алабы мысын, қорғасынын, баритін барлау жөніндегі инвестициялық жобаны Қоғаммен бірлесіп игеруге Сіздің қызығушылығыңыз болған жағдайда,2013 жылғы 01 наурызға дейінгі мерзімде мына параметрлерді міндетті түрде көрсете отырып, мүдделілік туралы ақпаратты жолдауды сұраймыз:
·Әріптес пен Қоғамның бірлескен кәсіпорындағы үлестің ықтимал бөлінісі;
·Жобаны қаржыландыру көзі (Қоғамның/Әріптестің/өзге де көздердің қаражаты);
·Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға және оны бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына беруге байланысты Қоғамның шығынын өтеу (осындай өтеу көзделген жағдайда);
·Кен орнын игерудің болжады осы заманғы технологиясы;
·Әріптестің әлеуетті артықшылығын қамтамасыз ететін өзге де оферттер.
Коммерциялық ұсыныс, Қоғамның сайтына, Инвесторларға ақпараттар/Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар бөлімінде орналасқан, белгіленген нысан бойынша рәсімделуге тиісті.
Сонымен бірге, Әріптестің қызметі туралы, тұсаукесер және/немесе бизнес-жоспар түріндегі, Әріптестің тәжірибесін, білімін және мүмкіндігін дәлелдейтін ақпараттарды ұсыну, қосымша артықшылық болып табылатынын хабарлаймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Инвестициялық жобалар департаментіне жүгінуді сұраймыз, байланыстағы тұлға – Дүкенова Маржан, тел.: +7 7172 55 95 24, e-mail: m.dukenova@tks.kz