АММ-2019: ФОРУМНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

2019 жылғы 12-13 маусымда Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда Astana Mining & Metallurgy 10-шы Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі (АММ) өтті. Іс-шара дәстүрлі түрде өз алаңында тау-кен қазу өнеркәсібі саласындағы халықаралық ойыншыларын жинады. 168 компанияның бизнес және ғылым, мемлекеттік органдар және қаржылық институттардың 900 аса өкілдері тау-кен қазу өнеркәсібін және дүниежүзілік металлургияны дамыту келешегін талқылады. Конгресс жұмысына әлемнің 19 мемлекетінен сарапшылар қатысты.

Биылғы жылы AMM Конгресі жаңа пікірталастық форматта өтті. Іс-шараның негізгі лейтмотиві – «Сандық жүйеге ауыстыру және инвестициялық келешек».

Конгресс бағдарламасын «Дүниежүзілік тау-кен қазу өнеркәсібін дамыту стратегиялары» пленарлық отырысы ашты, онда тау-кен металлургиялық саласының көшбасшылары цифрлық өнеркәсіпті дамыту шарттарында дамыту ісіндегі өз компанияларының тәжірибесімен бөлісті.

Конгресс шегінде екі күн ішінде 13 дөңгелек үстел, сессиялар және форумдар келесі тақырыптарға ұйымдастырылды: «Тау-кен металлургиялық кешендерді цифрлау. Жаһандық көшбасшылардың тәжірибесі», «Дүниежүзілік тау-кен қазу өнеркәсібін дамыту стратегиялары», «Инвестициялар үшін күрес – кім жеңеді?», «Жаңғырту және экология», «Сирек және сирек жер металлдарын дамыту», «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың өзекті мәселелері», Алтын өнеркәсіпшілерінің форумы.

ddc62f861b68dea85e4fb5895bc937cf.jpg

Ааталған алаңдарда сарапшылар саланың өзекті мәселелерін талқылады, тәжірибе, үздік шеберлік және келесі бағыттардағы пікірлермен алмасты: қазу және қайта өңдеуді цифрлау, тау-кен металлургиялық кешенде өндірістік процесстердің тиімділігін арттыру (ТКМ), инвестицияларды тарту және минералды-шикізат қорын толтыру, «Жер қойнау және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» жаңа Кодексті құқықтық реттеу.

Конгресске қатысушылардың назарына АММ көрмесі ұйымдастырылды, оның шегінде тау-кен металлургиялық саласының компаниялары үшін озық технологиялар мен инновациялық әзірлемелер ұсынылды. Экспонент ретінде әлемнің 6 мемлекетінен 23 компания шықты, көрмеге 523 маман қатысты.

0830561e8f6bedab75847439414277b6.JPG

Алғаш рет Конгресс бағдарламасында жаңа бастаған кәсіпкерлер, бағдарламашылар және стартперлерге арналған Mining Challenge – 2019 хакатоны ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлық және өз жобасын өндірістерде немесе кәсіпорындарда жетідіру бағдарламасына қатысу мүмкіндігін алды.

SAP, Hatch, FLSMIDTH, FreeportMcMoRan компаниялары өз кәсіпорындарында ИТ-жобаларын енгізу бойынша сәтті кейстерімен бөлісті. Киберфизикалық немесе роботтандырылған жүйелерді, үлкен деректердің талдауын және басқа да 4.0 индустриясын енгізу арқылы өндірістік және көліктік алымдардың төмендеуі, бизнесс-процесстердің оңтайландырылуы, жаңа бизнес-үлгілерді енгізу, өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі әлдеқайда өсуі мүмкін.

Конгресс шегіндедәстүрге айналған «Алтын Гефест» салалық сыйақысының қорытындысы және шығарылды және салтанатты түрде тапсырылды. Конкурсқа металлургия, тау-кен қазу өнеркәсібі, ғылым, медиа, бизнес және білім беру салаларынан 184 қатысушы қатысты. «Алтын Гефестке» 13 номнацияда үздік мамандар ие болды: Жыл кәсіпқойы (үш номинация), Жыл жобасы, Қазақстандық құрам бойынша көшбасшы, Жыл ғалым-педагогы, Жыл дипломдық жұмысы, Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы, Жыл медиа жобасы (үш номинация), ТКМ-гі үздік digital-шешім және Үздік шетелдік серіктес.

Конгресс және АММ 2019 көрмесінің мемлекеттік әріптесі ретінде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болды. Ұйымдастырушылары – Iteca қазақстандық көрме компаниясы және оның ITE компаниялар тобы халықаралық әріптесі.

2020 жылы АММ тау-кен металлургиялық конгрессі 10-11 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.