Ұжымда қарым-қатынасты қалай дұрыс қалыптастырамыз, қызметкерледі қалай шабыттандырамыз және ынталандырамыз, оппонентті тыңдауды, жұмыстың басты басымдықтарын жіктеуді, уақытта тиімді пайдалануды қалай үйренеміз? Коуч басшының артықшылығы неде, заманауи жағдайда директивті басқару әдісі расымен тиімсіз бе әлде бұл қазіргі сәнге деген құрмет пе? «Тау-Кен Самұрық» АҚ құрылымдық бөлімшелері басшыларына осы сұрақтардың жауабын табуға арнайы ұйымдастырылған семинарға шақырылған Ирина Туралиева көмектесті.
Ұлттық әл-ауқат қорын өзгертудің жаңартылған бағдарламасы портфельдік компаниялар жұмысының тиімділігін, оның ішінде, адамдардың санасын жаңғырту және түрлендіру арқылы, арттыруды көздейді. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының басқарушы қызметкерлері үшін көшбасшылықты дамыту бағдарламаларын енгізу – сапалы қайта құру кезеңдерінің бір