CHINA INTERNATIONAL CAPITAL CORPORATION LIMITED КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Аспан асты еліне сапары барысында «Тау-Кен Самұрық» басшылары China International Capital Corporation Limited өкілдерімен әңгімелесті. Қытай компаниясы Шанхай қор биржасында қарыздық қаржыландыру, сондай-ақ тау-кен жобаларына инвесторларды тарту мүмкіндіктерімен таныстырды. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқармасының төрағасы Қанат Құдайберген әлеуетті әріптестермен кездесу барысында тау-кен саласындағы қазақстандық жобалар үлкен перспективаларға ие екендігін атап өтті, ал «Тау-Кен Самұрық» компаниясының кәсіпорны инвесторлар үшін ашық.