Компанияның Жарғысына сәйкес, Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін анықтау, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатады. Директорлар кеңесі 3 жылға дейінгі мерзімге сайланады. Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан 6 жылдан астам мерзімге сайлану Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттілігінің ескерілуімен, ерекше қаралуы тиіс. Бір адам Директорлар кеңесіне қатарынан 9 жылдан астам сайлана алмайды. Ерекше жағдайларда 9 жылдан астам мерзімге сайлану рұқсат етілуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда аталған тұлғаны Директорлар кеңесіне жыл сайын қайтадан сайлап отыру керек. Компанияның Жарғысына сәйкес, Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде 5 адамнан құралуы тиіс.
Тәуелсіз директорлардың саны Директорлар кеңесі мүшелерінің үштен бірінен кем болмауы керек. Компания осы талапты орындайды, қазіргі кезде тәуелсіз директорлар үлесі 50 %-ды құрайды.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне кандидаттарды іріктеу саясатына сәйкес, Директорлар кеңесінің мүшелеріне кандидаттарды іздеу және іріктеу рәсімі Директорлар кеңесінің бүкіл құрамы мен оның мүшелерінің толық өкілеттілік мерзімі аяқталмай тұрып өткізілуі тиіс. Директорлар кеңесінің бүкіл құрамын немесе оның жекелеген мүшелерін сайлау туралы мәселені Жалғыз акционер немесе Сыйақы жөніндегі комитет Директорлар кеңесі арқылы көтере алады.