2017 жылғы 15 қыркүйекте «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ SGS компаниясымен бірге, Ғылыми-өндірістік орталықты (бұдан әрі – ҒӨО) құруға арналған бастапқы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу қызметтерін ұсыну туралы шартқа қол қойды. SGS компаниясы – бүкіл дүниежүзі бойынша 2000 астам зертханасы бар, таукен-байыту саласы бойынша инспекциялық қызметтер, сараптау, сынау мен сертификаттау саласында әлемдік көшбасшы.
2017 жылғы 11 қазанда «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ кеңсесінде, ҒӨО іске асыру аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетовтың SGS Espanola de Control компаниясы өкілдерімен кездесуі болып өтті.
Ғылыми-өндірістік орталықты тұрғызып, халықаралық стандарттарға сәйкес аккредитациялау, оған тау-металлургия өнеркәсібі саласындағы үздік әлемдік тәжірибені және жетістіктерді жинақтау жоспарланып отыр.
«Мемлекет Басшысы Н.Назарбаеватың бес институционалдық реформасын іске асырудың 100 нақты қадамы – ұлт жоспары» Мемлекеттік Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, ҒӨО Назарбаев университетінің «Астана Бизнес Кампус» аумағына орналастыру жоспарланып отыр (63-қадам. Бірлескен ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту. Назарбаев университетте «Астана Бизнес Кампуста» ғылыми орталықтар мен зертханалар орналастырылатын, сондай-ақ одан әрі коммерциялау енгізілетін болады). Назарбаев университетімен Ынтымақтастық туралы меморандумға және Жобаны іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойылды.
ҒӨО алаңы таукен-металлургия саласының көптеген кәсіпорындарына көлік шығындарын және сынақ жүргізу уақытын қысқартуға, бір қатар рұқсат қағаздарын жоюға, жаңа кен орындарын, Республика аумағындағы зерттеу жұмыстарының барлық түрін орындау есебінен, пайдаланудан бастап нақты өнім (концентрат немесе металл) алуға дейінгі, пайдалануға беру процесін айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді. ҒӨО, жас зерттеушілер мен еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері тәжірибе мен тәлім алатын, кадрлардың және инновациялық идеялардың шеберханасына айналады.