Халықаралық ӨСАБ Хатшылығы

Қазақстанда сенімділікті растаудан (валидация) өту миссиясы аясында халықаралық ӨСАБ Хатшылығы өкілдерімен «Тау-Кен Самұрық» АҚ кездесуі туралы баспасөз хабарламасы

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның 2013 жылғы «ӨСАБ өкіл-елдері» ең жоғарғы мәртесін алғаннан кейінгі кезекті сенімгерлікті растаудан өтетінін (халықаралық ӨСАБ стандарттары талаптарына сәйкес санкциялау процесі) еске саламыз. Қазақстанда 2017 жылғы 15-24 тамыз аралығында өтетін Халықаралық ӨСАБ Хатшылығы миссиясын жүзеге асыру, Қазақстанның алдағы мәртесбесіне қатысты Халықаралық ӨСАБ Басқармасының шешімін қабылдау кезінде жағымды әсер етеді.

e8a8913e4109e35ebf37920c1ca65237.jpg

Миссия аясында 2017 жылғы 24 тамызда Халықаралық өндіру салалары ашықтығы Бастамасының Хатшылығы өкілдерінің (ӨСАБ) «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұлттық компаниясымен кездесуі болып өтті. Кезесуге Компания атынан Жер қойнауын пайдалану және жер пайдалану департаментінің директоры Асқар Шаменов, «Tau-Ken Mining» ЖШС директоры Азамат Салимов, ЛБШ мониторингі жөніндегі жетекші менеджер Динара Қошқарова, Салық, активтер және міндеттемелер жөніндегі жетекші бухгалтер Гулнара Айбосынова, Тау-Кен Проект» БК» ЖШС бас директоры Юлия Корязова, «Масалы тау-байыту комбинаты» ЖШС бас бухгалтері Елена Фесак қатысты.

Компания қызметі, оның активтері, қызмет нәтижелері, болашағы және мемлекетпен қаржылық қарым-қатынасы туралы мәселелер талқыланды. Осы ретте компанияның алыстырмалы түрде алғанда жас екендігі және кірісінің жоқтығы дивидендтер төленбейтіндігі атап көрсетілді. Компания салықтарды төлейді және әлеуметтік инвестициялар, білім беру, таратушы қор, тарихи шығыстар бөлігінде келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес шығындар шегеді.

Компания толықтай алғанда, өндіруші саладағы ашықтыққа мүмкіндік жасайтын, елдегі ӨСАБ іске асыруды және тиісінше саланы дамыту үшін қосымша инвестиция тартуды қолдайды.