Пайдалы қазба түрі
Негізгі элемент: мыс (Cu); ілеспе өнеркәсіптік элементтер: алтын (Au)
Объектінің қысқаша сипаттамасы
Спасск мыс кен аумағы батыстан шығысқа созылып жатуы (330 км) бойынша елеулі мысты металлогендік бағдарымен ерекшеленеді, шартты түрде мынадай кен тораптарын атауға болады: Бұрнақты, Көктас-Шарықты, Жетімшоқы, Спасск, Қызылшоқы-Көктас, Алтынтөбе, Қажықонған, Шоқай-Нұрқазған, Шайтанды, Көктас-Жартас, Көктасжал. Осы 8 руда дене аясында шамамен 150 кен біліну және минералдану нүктесі мен мынадай сегіз кен орны ерекшеленеді (олар бойынша кен тораптарының бөлігі аталады): Көктас-Шарықты, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Алтынтөбе, Қажықонған, Нұрқазған, Шоқай, Көктасжал. Бұлардан өзге, осы тораптардың сыртында, Спасск мыс кен аймағы аясында, мыс минералданудың шамамен 350 нүктесі ұшырасады (сынау нүктелерінде 0,1% асатын мыстың жоғары құрамы анықталған), оның барлық жайылуы бойына Спасск аймағына үзілмейтін желі тартуда. Нұрқазған, Жетімшоқы, Көктасжал кен орындары, Қызылшоқы-Көктас кен алабы мен Шөптікөл кен орны, жер қойнауын пайдаланудан бос жатуы себепті, осы жобадан алынып тасталған.
Қоры/ресурсы және геологияның қысқаша сипаттамасы
Спасск мыс аймағы мысының жалпы болжамды ресурсы 1439 мың т. көлемінде С2, Р1 және Р2 категориялары бойынша бағалануда, оның ішінде:
Бұрнақ руда торабы (жылжымалы аймақта минералданған жарылым) – 60 мың т.
Көктас-Шарықты руда торабы (жылжымалы аймақта минералданған жарылым) – 116 мың т.
Алтынтөбе руда торабы (мыс-гидротермало-стратиформно-порфирлі) – 117 мың т.
Қажықонған руда торабы (жылжымалы аймақта минералданған) – 120 мың т.
Шайтан руда торабы (жылжымалы аймақта минералданған жарылым, мед-молибден порфирлі) – 100 мың т.
Көктас-Жартас руда торабы (жылжымалы аймақта минералданған жарылым) – 20 мың т.
Шоқай руда торабы (мыс-молибден порфирлі) – 500,0 мың т.
Жұнбай – 400 мың т.
Сонымен бірге, эпитермалық алтын-күміс кен орнын анықтау күтіледі, болжамды ресурсы Р3 кат. Бойынша 10-15т алтын және 100-150т. күміс.
Жоспарланған іс-шаралардың ағымдық мәртебесі және қысқаша мазмұны
Геологиялық барлау жұмыстарының батыс бөлігі мынадай учаскелерге шоғырланған: Көктас Шарықты, Шахта, Батыс Қажықонған, Шоқай, Теректі, Шешенқара, Солтүстік Ұртынжал, Дацит, Жаманжол, Тасшоқы, Сарыадыр, Құлжұмыр құрылымы, Қоянқара, Жалайыр, Егизқара, Алтынтөбе, Қарасу, Көктал, Шоқар, Солтүстік жағалау, Спасск, Суран, Қарабасан.
Геологиялық барлау жұмыстарының шығыс бөлігі мынадай учаскелерге орындалуда: Көктас-Жартас, Ақылбек кен тау тобы, Дальнее, Безымянный, Берекен, Шайтанды, Жұлдызды, Орталық Жосалы, Жаңа Жосалы, Жұбай, Қызылкісмет, Үшқатын және шығыс Қоянды.
Жұмыс тізбесіне геофизикалық зерттеулер кіреді: магнит барлау және электр барлау жұмыстары (соңғысы диполь-дипол және АМТ бейінді алдын ала тексерілген жүйесін түрлендіруде поляризациялаумен туындаған әдіс), литохимиялық түсірілім, іздеу бағыттары, таудан өту жұмыстары, (жыра ордан өту), сынамалырын іріктеу және зертханалық-талдамалық зерттеулер жүргізе отырып, құдықтық бұрғылау.
Келешекте Спасск мыс кені аймағының бірнеше кен орындарын ҚР МҚК балансына қою жоспарланып отыр.
Қосымша ақпараттар мен ескертпелер
Жобаны басқаруды «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» aкционерлік қоғамның еншілес компаниясы – «Тау-Кен Проект» бірлескен кәсіпорын» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жүзеге асырады.