Инвесторлармен кездесу

«Taý-Ken Samuryq» компаниясының топ-менеджерлері Қарағанды облысының вольфрам кен орынын игеру мәселелері бойынша әлеуетті инвесторлармен кезекті келіссөздер кезеңін өткізді. Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпардағы вольфрам қоры бірнеше ондаған жылдар бұрын ішінара барланған болатын, бірақ, оны игеру басталмады. Жоба техникалық және технологиялық тұрғыдан күрделі, оны іске асыру үшін байыту мен қайта өңдеудің бірегей технологиялары, едәуір қаржы шығындары қажет және тиісінше, оның жоғары тәуекелдік құрамы да бар. Кен орынының әлеуетін растау үшін халықаралық тәуелсіз қаржы, техникалық және құқықтық аудиторлар тартылды. Олардың есептері, сондай-ақ, «Taý-Ken Samuryq» басшылығының таныстыруы қытайдың Сямынь қаласында ұйымдастырылған инвесторлармен кездесуде тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша Қытай және Жапонияның инвесторлар тобымен жобаны бірлесіп іске асыру жөнінде келісімге қыркүйек айында қол қою шешімі қабылданды.

401855d8e512ce5cd65a33e6a876431e.JPG