КАЗЦИНК» ЖШС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫНДАБІРАУЫЗДАН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

2013 жылғы 28 маусымда«Казцинк» ЖШС Қатысушыларының жылдық жалпы жиналысында Мәжит Әбдіқалықұлы Тұрмағамбетовты («Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы) «Казцинк» ЖШС Байқаушы кеңесінің – Директорлары кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы бірауыздан шешім қабылданды.
Аталған шешім «Самұрық-Қазына» АҚ пен «Тау-Кен Самұрық» АҚ-қа «Казцинк» ЖШС бірлесіп компанияның өсу саясатын жалғастыруға және өндірістегі ең төменгі шығынды әлемдік мырыш саласындағы үздік кәсіпорындар бестігіне енуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ бұл, «Тау-Кен Самұрық» АҚпен «Казцинк» ЖШС арасындағы, Қазақстанның тау-металлургия секторын дамыту бөлігіндегі ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайтын болады.
«Казцинк» ЖШС – мысты, қымбат бағалы металдарды және қорғасынды шығаруға үлкен үлеспен жәрдемдесетін мырышты ірі интеграцияланған өндіруші. Компанияның негізгі кәсіпорындары, Қазақстан Республикасы аумағында, ең көбі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Компания, Шығыс Қазақстанның үш негізгі түсті метал өндірушілері: Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл және Зыряновск қорғасын комбинаттарының активтерін қосу арқылы 1997 жылы құрылды. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ, «Казцинк» ЖШС жарғылық капиталына 29,8221% қатысу үлесіне (жанама) иелік жасайды. «Казцинк» ЖШС 69,61% мөлшеріндегі үлесін бақылайтын акционер швейцариялық Glencore International plc шикізат трейдері болып табылады.