КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2012 жылғы 11 шілдеде «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен «Төрт Құдық» тау-байыту комбинаты» арасында «Ақмола облысындағы Ешкіөлмес кен орны алтынын, мысын барлау және өндіру» жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Жобада екі жыл уақыт ішінде кен орнын барлауды, кеніш, шахталар және байыту фабрикасын салуды қарастырылады. Жобаның операторы басымдық негізінде құрылған «Тау голд коппер» ЖШС болып табылады. Кен орнындағы руданы өндіру 2014 жылы басталатын болады.