Комплаенс

«Комплаенс» («Compliance» ағылшын тілінде – сақтау, келісу) – бұл қандай да бір ішкі немесе сыртқы талаптарға немесе нормаларға сәйкестіктікті білдіреді.

Комплеанс жауапкершілік саласына сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды, терроризмды қаржыландыруды жатқызады. Комплаенс Қоғам қызметін қолданыстағы заңнамаға және ішкі регламеттерге сәйкестендіруді қамтамасыз етеді, қызметкерлердің этикалық мінез-құлық нормаларын белгілейді.

«Комплаенс» жүйесін енгізу мақсаты – қызметтің сыбайлас жемқорлықпен қауіпті салаларын анықтау және талдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыру, ең үздік халықаралық стандарттарға сәйкес Қоғамды құқықтық, экономикалық, беделдік, санкциялық және өзге де қауіптерден кешенді қорғауды қамтамасыз ету.

Бастамашылықпен ақпараттандыру саясаты шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ҚР заңнамасын бұзу фактілері, әдепсіз қылық немесе кемсітушілік мәселелері бойынша мазасыздануын білдірудің ішкі арналарынан басқа тәуелсіз оператор әкімшілендіретін бастамашылықпен ақпараттандырудың сыртқы орталықтандырылған желісі енгізілген.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) жұмыс тобы 2021 жылғы мамырда Қоғамның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу шеңберінде нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттары, Қоғамға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелері, ішкі аудит қызметінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды.

Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Қоғамда және оның еншілес ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, митигациялау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды, ол 2021 жылдың соңына дейін іске асырылатын болады.