«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ KASE ұйымдастырған жылдық есептер байқауында «Листингтік емес компанияның 2023 жылғы үздік жылдық есебі» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.
KASE баспасөз қызметі хабарлағандай жылдық есептер байқауының аясында 150-ге жуық түрлі өлшемшартты құрайтын сандық және сапалық сипаттамаларды бағалауды ескеретін бағалау тәртібі дайындалды. Талаптарға сәйкес комиссия құрамындағы корпоративтік басқару мен ESG-ды ашу саласындағы сарапшылар өтініш берушінің жылдық есебіндегі және орнықты даму туралы есептегі ақпаратты бағалау мен ұпайларды беруді жүзеге асырады. Байқауға 26 ұйым, оның ішінде бағалы қағаздары биржаның ресми тізіміне енгізілмеген компаниялар қатысты.