2014 жылғы 11-13 ақпан аралығында Мәскеу қаласында «Адам Смит Институтының «Ресей және ТМД Металдары 2014»19-шы жыл сайынғы халықаралық конференциясы болып өтті . Саммит өзін, Ресей және ТМД металдары нарығын дамытуға шешім қабылдайтын және қатысатын, саланың барлық маңызды тұлғаларының даусыз кездесу орны ретінде көрсете білді. Бұл жолы тау-металлургия саласын дамыту мәселелерін талқылау үшін Мәскеуге бүкіл дүние жүзінен 250 ден астам делегаттар мен 50 баяндамашы қатысты.
Бұл –Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның және басқа да (20-дан астам) елдердің металлургия индустриясы өкілдерінің барынша көптеп қатысумен және көп жылғы беделі бар конференция. «Ресей және ТМД Металдары»Саммитіқұнды бағалы және өндірістік металдарға арналған, Ресейдегі жалғыз іс-шара болып табылады.
«Ресей және ТМД Металдары»Саммитіжұмысына, «Тау-Кен Самұрық» АҚ пен «Тау-Кен Алтын» ЖШС өкілдері қатысты. Форум жұмысы мен панелді талқылау аясында, алдыңғы қатарлы тау-өндіру және металлургия компаниялары, сондай-ақ Thomson Reuters, Auriant Mining,KOKSGroup, McKinsey, Нортон Роуз, Металл Эксперт Консалтинг, Северсталь, Спецсталь, Сибтермо, МИСиС НИТУ, ThyssenKruppMaterials, EVRAZ, POSCOSteel, MetalExpertConsulting, SteelTimesInternational т.б.сияқты әлемдік инжинирингтік және консалтингтік фирмалар басшылары мен мамандары арасында бірлескен кездесулер мен пікір алмасулар өткізілді.
Бірінші күні «Ресей және ТМД Бағалы металдары 2014» Саммитінде «Балаң компаниялардың жаңалықтары және сирек жер металдары» 4 Сессиясы шеңберінде «Тау-Кен Алтын» ЖШС директоры М.Ш.Тілеужанов «Қазақстан Республикасындағы аффинаж зауытын іске қосу» тақырыбында баяндама жасады, онда жаңа зауыттың негізгі параметрлері туралы айтып өтті. Конференцияның екінші күні 2 Сессия аясында, «Қазақстан. Елдің жаңа ауқымды жоспарларына шолу және жаңа тау жобаларына инвестициялар» тақырыбында «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Қ.С.Ізбасханов, компанияның 2022 жылға дейінгі стратегиясы және толықтай алғанда, шикізат өндіруден бастап, металл және қосымша құны жоғары метал бұйымдары өндірісіне дейінгі саланың перспективалық дамуы туралы баяндады.