2014 жылғы22 мамырда MB Holding Co (Оман) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге компания тобының президенті Мохамед Барвани, директор Усама Барвани, MB Holding – Mawarid Mining LLC тау-байыту кәсіпорнының аймақтық менеджері Бекназар Мұсалиев, Қазақстан Республикасының Омандағы елшісі Ержан Мұқаш қатысып отырды.
Кездесу барысында өндірісте қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, тау-байыту кен орындарын игеруде екі жақты әріптестіктің маңызды қырлары талқыланды. Сонымен бірге, «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығы ынтымақтастыққа ашықтығын білдіре отырып, компанияның стратегиялық міндеттері туралы және іске асырылып жатқан жобалар туралы омандық әріптестерді егжей-тегжейлі хабарландырды.
Өз кезегінде, MB Holding президенті Co Мохамед Барвани, инвестиция салу және бірлесіп игеру үшін, тау-байыту жобаларына Оман тарапынан үлкен қызығушылық бар екенін атап өтті.
Кездесу достық жылы шырайда өтті, тараптардың әрқайсысы саланы дамыту бойынша жан-жақты пікірлерімен алмасты және компания қызметімен танысты.
Іскерлік кездесу нәтижесінде тараптар ынтымақтасу туралы келісімге келді.
Қысқаша анықтама:Mb Holding – мұнай-газ, тау-байыту, машина жасау, инвестиция, тынықтыру секторындағы активтерінің жалпы айналымы 1.7 млрд. доллар болатын, компанияның көп салалы тобы. холдинг компаниясы әлемнің 29 елінде жұмыс істейді.
Mawarid Mining LLC,MB Holdingтің тау-байыту кәсіпорын болып табылады және Оманда мысты өндірумен және өңдеумен айналысады. Компанияның сондай–ақ, Намибиде, Танзанияда, Қазақстанда, Иранда, Папуа Жаңа Гвинеяда жобалары бар. Mawarid Mining LLC 2011 жылдан бастап, қазақстандық тараппен бірлескен, Шығыс Қазақстан облысындағы Боко-Васильевск кен алабын игеруде әріптес болып табылады. Қазіргі уақытта жоба бойынша геологиялық барлау жұмыстары сатысы аяқталып келеді және бағалау кезеңі басталады.