Үстіміздегі жылғы 15 қазанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, №1 рудотермиялық пеште алғашқы балқыма жүзеге асырылды және металлургия кремнийі алынды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Тау-металлургия саласы, геология және қатты пайдалы қазбалар жөніндегі жер қойнауын пайдалану кеңесінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы отырысында «Тау-Кен Самұрық» АҚ Қарағанды қаласындағы кремний зауытын қалпына келтіру және іске қосу үшін өндірістік қуатқа техникалық аудит жүргізу және басқа да іс-шаралар өткізу тапсырылды.
Аталған іс-шараларды іске асыру мақсатында «Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес ұйым «Tau-Ken Temir» ЖШС жұмылдырды, ол «OTTO WOLFF» және «SMS Siemag» компанияларының мамандарымен бірлесіп, зауыттың өндірістік қуатына техникалық аудит жүргізді. Аудит қорытындысы негізінде кремний зауытының жұмысқа қабілетін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар әзірленді.
«Tau-Ken Temir» ЖШС мамандарының күшімен зауыттағы тиісті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және іске қосу-реттеу шаралары аяқталды. Рудотермиялық пештің ағынөзегін балқыма қалдықтардан тазарту, пештің электр тізбегін көмір электродына монтаждау, кірпіш футерді жөндеу, пешті автоматты бақылау және берілген параметрлердің басқару жүйесін тексеру мен жөндеу жүргізілді, сондай-ақ пешті көміртекті футерлеу – өртке төзімді көлемді салқындата құрсаулау жұмыстары жүргізілді.
«Tau-Ken Temir» ЖШС өндірісінің тұрақты жұмысы үшін бір мезгілде өндірісті қысқы мезгілде шикізатпен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізілді. «Ақтас» кенішінде кварцты қайта өңдеу (ұсақтау, елеу және шаймалау) және оны кеніштен Жезқазған қаласындағы теміржол тұйығындағы сақтау алаңына жеткізу жүзе асырылды. Қазіргі таңда 14 мың тоннадан астам талшықты кварц өңделді және алынды, осы талшықты кварцттың 4700 тоннасы зауытқа жеткізілді.
Металлургия кремнийі өндірісі бойынша зауытты қалпына келтіру жұмысы, аймақта жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды. Кремний зауытының іркіліссіз жұмысы Қарағанды облысының экономикасын дамытуға сүбелі үлес қосады.