PDAC 2025: Қазақстан әлемдік инвесторлардың назарында

Торонтода өткен ірі PDAC 2025 әлемдік конференцияның алғашқы күнінде «Meet Kazakhstan: The Power of Geology of the Ninth Largest Nation» форумы өтті.

Шара Қазақстанның геологиялық әлеуетін талқылау үшін саланың алдыңғы қатардағы сарапшылары мен мемлекеттік сектордың өкілдерін біріктірді.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының Басқарма төрағасы компанияның жаңа перспективалы кен орындарын игеру жөніндегі жігері туралы айта келе тау-кен саласының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Нариман Абсаметов электромобильдер мен электронды құрылғылардың жаһандық нарығын дамытуда маңызды рөл атқара алатын литий мен сирек жер элементтерін қоса алғанда, маңызды шикізатты дамыту жобаларына ерекше назар аударды.

«Meet Kazakhstan: The Power of Geology of the Ninth Largest Nation» форумы аясында жетекші геологиялық барлау және өндіруші компаниялардың өкілдері халықаралық инвесторлар үшін Қазақстанның тұрақтылығы мен ашықтығын және саланы цифрландыру аясындағы алға ілгерілеуді атап өтті.

Қазақстандық жобаларға қаржыландыруды тартудың жаңа тетіктері қаржы институттарымен және жеке инвесторлармен талқылаудың басты тақырыптарының бірі болды.

Ашылу салтанатына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов және PDAC вице-президенті Карен Риис қатысқан Қазақстанның дәстүрлі ұлттық павильоны форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.