«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық – Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың (бұдан әрі – тәртіп) сатып алуларын жүзеге асыру тәртібіне сәйкес «Казгеология» АҚ, 2023, 2024, 2025 жылғы қаржылық есептілік аудиті бойынша бір көзден ұйымның қызметтерін кейіннен сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымды Таңдау рәсімінің өткізілетіні туралы хабарлайды.

Әлеуетті Қатысушыларды Таңдау рәсіміне қатысуға Сұрау салуда қамтылған сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы (1) Қатысушының ресми сұрау салуы бойынша олар Құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін мынадай мекен-жай бойынша ұсынылатын болады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достык даңғылы, 18  құр.,17қабат,  5 кеңсе, эл. мекен-жайы: ye.fesak@kazgeology.kz, 09 сағат 30 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін және 14 сағат 30 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін.

Қатысуды растайтын өтінімдер 2023 жылдың 27 қараша күні 18 сағат 00 минутқа дейін қабылданады. Өтінім еркін нысанда ұсынылады.

Таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті Қатысушы Қазақстан Республикасы, Астанады қаласы, Достык даңғылы, 18  құр., 17 қабат, 5 кеңсе мекен-жайы бойынша Таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес қызмет көрсетуге арналған жабық конвертте ресми ұсыныс ұсынуы тиіс, 09 сағат 30 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін және 14 сағат 30 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін.

Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері таңдау рәсіміне қатысуға өтінімді қолма-қол ұсынған кезде әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері таңдау рәсіміне қатысуға өтінім беру құқығына әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамдарға сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға тиіс.

Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 27 желтоқсан күні 18 сағат 00 минутқа дейін.

Таңдау рәсіміне қатысуға өтінімдері бар конверттер 2023 жылғы 28 желтоқсан 10 сағат 30 минутта мына мекен-жай бойынша ашылады: Астана қаласы, Достык даңғылы, 18  құр., 17 қабат, 5 кеңсе.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефондар арқылы алуға болады: +7 (701) 2254717.

Егер аудиторлық ұйым Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде (2) және / немесе Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса, Таңдау рәсіміне қатысуға құқылы емес.

Аудиторлық ұйым өзінің қызметтерін көрсетуге арналған ресми ұсынысына тиісті өтініш беру арқылы өзінің тәуелсіздігін растауы керек. Тапсырыс беруші Комиссиясының Жұмыс органының жекелеген сұрау салуы бойынша, бірақ жылына бір реттен жиі емес, аудиторлық ұйым осы қызметтерді көрсетуге байланысты Қатысушының тәуелсіздігіне қатер төндірмеуін негіздей отырып, Таңдау рәсімі өткізілетін жыл ішінде Тапсырыс берушіге және оның еншілес/қауымдасқан/бірлесіп бақыланатын ұйымдарына көрсеткен немесе көрсететін аудиторлық емес қызметтердің тізімін ұсынады.

Таңдау рәсімін жүргізу кезінде Тапсырыс берушінің Комиссиясы міндетті түрде Қатысушының тәуелсіздігі мәселесі бойынша өз қорытындысын шығарады, ол хаттамада көрсетілуге тиіс.

(1) Қатысушы – аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер және Тәртіпке сәйкес Таңдау рәсімдеріне қатысатын аудиторлық ұйым

(2) Холдинг – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы.