«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық – Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың (бұдан әрі – тәртіп) сатып алуларын жүзеге асыру тәртібіне сәйкес «Северный Катпар» ЖШС,  2023 жылғы қаржылық есептілік аудиті бойынша бір көзден ұйымның қызметтерін кейіннен сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымды Таңдау рәсімінің өткізілетіні туралы хабарлайды.

Әлеуетті Қатысушыларды Таңдау рәсіміне қатысуға Сұрау салуда қамтылған сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы (1) Қатысушының ресми сұрау салуы бойынша олар Құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін мынадай мекен-жай бойынша ұсынылатын болады: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Н. Назарбаева даңғылы, 33/3 құр., 508 кеңсе, эл. мекен-жайы: irina.agapova@skatpar.kz, 08 сағат 30 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін және 14 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін.

Таңдау рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті Қатысушы Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 49/6 құр., 817 кеңсе мекен-жайы бойынша Таңдау рәсіміне қатысуға сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес қызмет көрсетуге арналған жабық конвертте ресми ұсыныс ұсынуы тиіс, 08 сағат 30 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін және 14 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін.

Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері таңдау рәсіміне қатысуға өтінімді қолма-қол ұсынған кезде әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері таңдау рәсіміне қатысуға өтінім беру құқығына әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамдарға сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға тиіс.

Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2023 жылғы 03 қараша күні 18 сағат 00 минутқа дейін.

Таңдау рәсіміне қатысуға өтінімдері бар конверттер 2023 жылғы 03 қарашада 10 сағат 30 минутта мына мекен-жай бойынша ашылады: Қарағанды қ., Н. Назарбаева даңғылы, 33/3 құр., 508 кеңсе.

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефондар арқылы алуға болады: +7 (7212) 996 431, +7 (701) 746 17 10.

Егер аудиторлық ұйым Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде (2) және / немесе Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса, Таңдау рәсіміне қатысуға құқылы емес.

Аудиторлық ұйым өзінің қызметтерін көрсетуге арналған ресми ұсынысында тиісті өтініш беру арқылы өзінің тәуелсіздігін растауы керек. Тапсырыс беруші Комиссиясының Жұмыс органының жекелеген сұрау салуы бойынша, бірақ жылына бір реттен жиі емес, аудиторлық ұйым осы қызметтерді көрсетуге байланысты Қатысушының тәуелсіздігіне қатер төндірмеуін негіздей отырып, Таңдау рәсімі өткізілетін жыл ішінде Тапсырыс берушіге және оның еншілес/қауымдасқан/бірлесіп бақыланатын ұйымдарына көрсеткен немесе көрсететін аудиторлық емес қызметтердің тізімін ұсынады.

Таңдау рәсімін жүргізу кезінде Тапсырыс берушінің Комиссиясы міндетті түрде Қатысушының тәуелсіздігі мәселесі бойынша өз қорытындысын шығарады, ол хаттамада көрсетілуге тиіс.

(1) Қатысушы – аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер және Тәртіпке сәйкес Таңдау рәсімдеріне қатысатын аудиторлық ұйым

(2) Холдинг – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы.