«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне (бұдан әрі – Тәртіп) сәйкес «Солтүстік Қатпар» ЖШС 2022 жылғы қаржылық есептіліктің аудиті бойынша ұйымның қызметін кейіннен бір көзден сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымды таңдау процедурасының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Әлеуетті қатысушыларды таңдау процедурасына қатысуға сұрау салуда қамтылған сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы (1) Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 49/6-құрылыс, 817 кеңсе мекенжайы бойынша Құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Қатысушының ресми сұрау салуы бойынша irina.agapova@skatpar.kz электронды мекенжайы бойынша 08 сағат 30 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін және 14 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін ұсынылатын болады.
Таңдау процедурасына қатысуға ниет білдірген әлеуетті Қатысушы Таңдау процедурасына қатысуға сұрау салуда көрсетілген талаптарға сәйкес мөрленген конвертке салынған Қызмет көрсетуге арналған ресми ұсынысты 08 сағат 30 минуттан 12 минутқа дейін және 14 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 49/6 ғимарат, 817 кеңсе мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері таңдау процедурасына қатысуға өтінімді қолма-қол ұсынған кезде әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері таңдау процедурасына қатысуға өтінім беру құқығына әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамдарға сенімхат пен жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.
Ресми ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 9 қараша 18 сағат 00 минутқа дейін.
Таңдау процедурасына қатысуға өтінімдері бар конверттер 2022 жылғы 10 қарашада сағат 10.30-да Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 49/6 ғимарат, 817 кеңсе мекенжай бойынша ашылатын болады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды +7 (7212) 996 431, +7 (701) 746 17 10 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
Егер аудиторлық ұйым Холдингтің сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесінде (2) және/немесе Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса, таңдау процедурасына қатысуға құқылы емес.
Аудиторлық ұйым қызметтерді көрсетуге арналған өзінің ресми ұсынысында тиісті өтініш беру арқылы өзінің тәуелсіздігін растауы тиіс. Тапсырыс беруші комиссиясының Жұмыс органының жеке сұрау салуы бойынша, бірақ жылына бір реттен жиі емес, аудиторлық ұйым осы қызметтерді көрсетуге байланысты қатысушының тәуелсіздігіне қатер төндірмеуін негіздей отырып, таңдау процедурасы өткізілетін жыл ішінде Тапсырыс берушіге және оның еншілес/мүдделес/бірлесіп бақыланатын ұйымдарына ол көрсеткен немесе көрсететін аудиторлық емес қызметтердің тізімін ұсынады.
Таңдау процедурасын жүргізу кезінде Тапсырыс берушінің комиссиясы міндетті түрде Қатысушының тәуелсіздігі мәселесі бойынша хаттамада көрсетілуге тиіс өз қорытындысын шығарады.
(1) Қатысушы – аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер және Тәртіпке сәйкес таңдау процедурасына қатысатын аудиторлық ұйым
(2) Холдинг – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы.