ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛАЙҒЫР КЕН ОРНЫН ИЕГЕРУ БОЙЫНША ӘЛЕУЕТТІ ӘРІПТЕСТЕРДІ ІЗДЕСТІРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

Қазақстан Республикасының заңнамалық процедураларында көзделуіне сәйкес Қоғамға Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орны полиметал рудасын өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы берілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келісімшартты рәсімдеу аяқталу сатысына келіп жетті. Осыған байланысты Қоғам, жоғарыда аталған кен орнын бірлесіп игеру мақсатында стратегиялық әріптесті (бұдан әрі – Әріптес) іздестіруді және іріктеуді жүзеге асыруда.
Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орны Қарағанды облысында, Қарағанды қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 130 км, Қарқаралы ауданының орталығы – Қарқаралы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 80 км орналасқан. Кен орнына жақын елді мекен Ақшоқы (24 км) және Ақбауыр (20 км) ауылдары болып табылады.
Кен орны шартты түрде 3 учаскеге бөлінген: Батыс – ұзындығы 1240м (14 руда дене), Ортаңғы – 700м (7 руда дене) және Шығыс – 170м (11 руда дене). Өнеркәсіптік кендену батыс учаскеде бетінен 650 м теңдікке дейін, Ортаңғы учаскеде – 425 м және Шығыс учаскеде З55 м тереңдікке дейін. Кен орындарындағы кендену, күшті жанартаулық липаритті тау жынысы гидротермальды өзгерістерінің (березит) сызықтық аймағы шегінде, көптеген сығынды және ылди бойынша линза пішінді, сына пішінді, кейде қыртыс тәрізді оқшауланады.
Кен орнында қалыптасу және минералды құрамы бойынша руданың екі типі ерекшеленеді: сульфидті (кен орны жалпы запасының 59 %, галенит 85 % астам қорғасын түрінде ұшырасады) және тотықты (жалпы запастың 41 %, қорғасынды минералдану басым дәрежеде қайталап минералдану түрінде кездеседі). Тотығу тереңдігі аймағы Батыс учаскеде50 – 220 м және шығысында 80 – 190 метр аралығында құбылады, кен орнының орталық бөлігінде барынша жоғарғы мәніне жетеді.
Тотығу дәрежесі бойынша кен орнынан руданың үш технологиялық сорты ерекшеленеді: сульфидті (тотығу түріндегі қорғасын құрамы 15 % дейін), аралас (15-60 % – қорғасынның тотыққан түрі) жәнетотыққаны (тотығу түріндегі қорғасын 60 % асады). Тотыққан руда жалпы кен орны запасының 26,5, араласы 14,5 %, сульфидті – 59 % құрайды.
Запасы C1+C2 категориялары бойынша 18518,1 мың т руда, құрамы Pb-5,4% жағдайында 1000,2 мың т қорғасын; құрамы Ag-26,1 г/т жағдайында 482,8 т күміс құрайды. Сонымен бірге кадмий, күкірт, сүрме және сынап запасы есептелген.
Кен орнын игеру аясында келесі кезеңде карьер және байыту фабрикасын салу, жер асты кеніші құрылысы және ілеспе компонент ретінде қорғасын қоспасы өндірісі болжанып отыр. Руданы өндіру мен өңдеудің жобалық қуаты жылына – 1000 мың тонна концентрат өндірісі 70 000 тоннаға дейін, құрамындағы қорғасын 65% және күміс 300 г/т.
Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орны полиметал рудасын өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны Қоғаммен бірлесіп игеруге Сіздің қызығушылығыңыз болған жағдайда, 2012 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде, қызығушылық туралы ақпаратты, мына параметрлерді көрсете отырып жолдауды өтінеміз:
Әріпес пен Қоғамның бірлескен кәсіпорындағы үлесті болжанатын бөлінсі;
Жобаны қаржыландыру көздері (Қоғамның/Әріптестің және басқа да көздердің қаражаты);
Жер қойнауын пайдалану құқығын алумен және оның бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына беруге байланысты, Қоғамның шығындарын өтеу (егер осындай өтеу қаралған болса);
Кен орнын игерудің болжанатын қазіргі заманғы технологиясы;
Әріптестің әлеуетті артықшылығын қамтамасыз ететін өзге де ұсыныстар.
Осымен бірге, тұсаукесер және/немесе бизнес-жоспар түріндегі, Әріптестің тәжірибесін, білімін және мүмкіндігін дәлелдейтін, Әріптестің қызметі туралы ақпараттарды ұсыну, қосымша артықшылық болып табылатынын хабарлағымыз келеді.

Сұрақтар туындаған жағдайда, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Инвестициялық жобалар департаментіне жүгінуді сұраймыз, байланысатын тұлға – Бисенов Ескендір, тел.: +7 7172 55 27 85, e-mail: e.bisenov@tks.kz