ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА МҮШЕЛІК

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мыналардың құрамына кіреді:

«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ерікті мүшелікке негізделген және оның мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ заңға қайшы келмейтін өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылған

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдармен бизнестің келіссөз күшін күшейту үшін құрылған. Кәсіпкерлер палатасы өз қызметімен ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, кәсіпкерліктің барлық салаларын қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін білдіреді. «Атамекеннің» басты міндеті – бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және бизнестің заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамту мен тартуды қамтамасыз ету

Европалық шикізат альянсы – Маңызды шикізат бойынша іс-қимыл жоспарын қабылдау Еуропалық жасыл мәміленің ережесі мен ЕО-ның жаңа өндірістік стратегиясын іске асыруға арналған маңызды элементтердің бірі.

Альянс сыни маңызды материалдарды зерттеу, өндіріс, тұтыну, қайта өңдеу және реттеу саласындағы – өндірістік компанияларды, ғылыми-зерттеу институттарын, университеттерді, мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың негізгі қатысушыларын біріктіретін желілік басқару құрылымын білдіреді. Альянс 2020 жылғы 3 қыркүйекте ЕО-ның жетекші индустриалдық жүйесін сыни маңызды шикізат материалдармен тұрақты қамтамасыз ету, жер элементтер мен тұрақты магниттердің құн тізбегін құрудың бос орындары мен осалдықтарын жою мақсатында құрылды