Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің төртінші отырысы аясында, GENERTEC өкілдерімен бірқатар кездесулер болып өтті.

Астана, 2017 жылғы 8 маусым

«Ритц-Карлтон» қонақ үйі

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің төртінші отырысы аясында, Астана қаласында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы М.А. Тұрмағамбетовтың және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е.Шөкеевтік басшылығымен, қытайлық GENERTEC холдингі өкілдерімен, оның президенті Ли Данның қатысуымен бірқатар кездесулер болып өтті.

f37e46b54fc432769f8fa4cd41c883d3.JPG

Кездесу барысында «Ақмола облысындағы Масальский темір рудалы кен орны базасында тау-металлургия кешенін салу» жобасы бойынша маңызды тақырыптар қозғалды.

3e78838e4360b4d0f7ac5b5a08736be5.JPG

Анықтама үшін. Масальский кен орны Ақмола облысының Жарқайың ауданында орналасқан. Кен орны запасы JORC жіктеу бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы МКЗ жіктеуі бойынша бағаланған. Кеннің жиынтық пайдалану запасы С1 және С2 категориялар бойынша 729 155 727 тонна құрайды, темірдің орташа мөлшері – 15.82%.

ҚР қаулысына сәйкес кен орны стратегиялық категорияға жатқызылған, ал оның жобасы, игеру бойынша Тау-металлургия өнеркәсібін дамытудың 2014- 2018 жылдарға арналған кешенді жоспапарына енгізілген.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қытайға сапары кезінде, тау-металлургия кешенін салу мен оны одан әрі қаржыландыруды қамтитын, бірқатар маңызды аспектілер бойынша келісімдерге қол жеткізілгенін атап өткіміз келеді.

7fa00e16c5bbcf6a6e3db1348c45643f.JPG

Аталған отырыс Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын дамытуға тиімді серпін береді. Оның алаңында жалпы сомасы 7 миллиар доллар болатын 22 келісімге қол қойылды. ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбек атап өткендей, Қазақстан үшін Қытай стратегиялық әріптес болып табылады. Біздің арамыздағы тауар айналымы 2016 жылы 7,9 млрд долларды құрады.