қазақстан республикасы президентінің №659 ЖАРЛЫҒЫ
2013 жылғы 3 қазанда№659 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды. Кеңес Қазақстан Республикасында кен-металлургия саласының, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалануды тұрақтылығы мен оларды тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылды. Кеңес құрамына мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың басшылары, «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы, сондай-ақ «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма Төрағасы енді.
Кеңесті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарды.