Қазгеология «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның еншілес компаниясына айналды

«Қазгеология» АҚ-ның дауыс беретін акцияларының 100%-ы «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясына берілді. Тиісті шартқа «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ арасында қол қойылды. Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулысына сәйкес «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілген болатын.

«Қазгеология» АҚ-ның негізгі қызметі перспективалы учаскелерді іздеуге, пайдалы қазбалар қорларын барлауға және бағалауға, сондай-ақ елдің минералдық-шикізат базасын молайту жөніндегі жобаларға шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға бағытталған.

Бахыт Чирчикбаев, «ТауКен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы: ««ТауКен Самұрық» ұлттық компаниясы «Қазгеология АҚ-ның Жалғыз акционерінің міндеттемелері мен құқықтарын өзіне алады. Барлық қолданыстағы жобалар бойынша серіктестер мен инвесторлар үшін жағдайлар өзгеріссіз қалатынын атап өтемін. Сонымен қатар біздің ынтымақтастықтың әлеуетті периметрін кеңейтуге мүмкіндігіміз бар. Өзара мүдделілік жағдайында «ТауКен Самұрық» құрылыс және пайдалану кезеңдерінде инвестициялық жобаларға қатыса алады»

Қазіргі уақытта «Қазгеология» серіктестермен бірлесіп ондаған инвестициялық жобаларды іске асырып жатыр, бірлескен кәсіпорындар мен консорциумдар құрылды. Компания әлемдік тау-кен өндіру саласының көшбасшыларымен ынтымақтасады: Rio Tinto (австралиялық-британдық концерн), «Казцинк» ЖШС (Glencore), Yildirim Holding A.S. (Түркия), «Полиметалл» ААҚ (Ресей), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Ulmus Fund» коммерциялық қаржы ұйымы (Германия).

Анықтама:  «ТауКен Самұрық» ұлттық таукен компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау, игеру, өндіру, өңдеу және өткізу саласындағы жобаларды іске асырады, таукен металлургия өнеркәсібінде ғылымды қажетсінетін және тиімді технологияларды әзірлейді әрі енгізеді. ТауКен Самұрық «СамұрықҚазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына кіреді, «Glencore International» компаниясының серіктесі және «Казцинк» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 29,82%-ын иеленеді.

«Қазгеология» АҚ 2011 жылғы 21 маусымда ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес елдің минералды-шикізат базасын кеңейту мақсатында құрылды. Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалау, іздестіру, жұмыстар мен қызметтерді орындау саласында рұқсат құжаттары (лицензиялары) бар.

.