«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ТҰСАУКЕСЕРІ БОЛЫП ӨТТІ

2012 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша тапсырмасын орындау аясында «Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы үшін «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу тәртібі ережелерін түсіндіру бойынша «Қазтрансойл» АҚ тұсаукесері болып өтті.
Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері Дәурен Оңаев пен «Қазтрансойл» АҚ Активтерді басқару және инвестициялық талдау департаментінің директоры Жанна Крылова «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу тәртібі ережелерін, «Қазтрансойл» АҚ IPO-ға шығу параметрлерін, брокерлік компаниямен шарт жасасуды, «өтінімдер кітабын» қалыптастыру тетігін және мәмілелер бойынша есептер жүргізуді әңгімелеп берді.
Қосымша: әлеуетті инвестордың жаднамасы (орыс және қазақ тілдерінде)