«Самұрық-Қазына» қорының жас мамандарына арналған өзін-өзі дамыту челленджі

Жастар саясатын дамыту бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, «Самұрық-Қазына» АҚ жас мамандарға арналған челлендж байқауын өткізуде.

Байқаудың мақсаты – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында белсенді және ынталы жастарды және болашақ әлеуетті көшбасшыларды анықтау. Қор тобының жастар құрамынан шамамен 80 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

Челлендж тұжырымдамасы дамудың үш – физикалық, эмоциялық және интеллектуалды бағыттары бойынша жеке тапсырмаларды орындауды көздейді. Челленджге Қор компаниялар тобының 35 жасқа дейінгі жұмысшылары қатыса алады.

Тіркеу 2022 жылғы 22 қазан, сағат таңертеңгі 10:00-ден 2022 жылғы 23 қазан, сағат таңертеңгі 10:00-ге дейінгі аралықта sknews.kz сайтында жүзеге асырылады.

20.10.2022

Ақпарат көзі: SK NEWS