«ШалқияЦинк» АҚ және FLSmidth халықаралық компаниясы базалық инжиниринг, жаңадан салынып жатқан кен-байыту комбинатына технологиялық жабдықты таңдау және жеткізу жөнінде келісімшартқа қол қойды. FLSmidth компаниясы Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия, Африка, Азия және Еуропа елдерінде жұмыс істейді, оның штаб-пәтері Копенгагенде (Дания) орналасқан. Компания кешенді технологиялық схемаларды әзірлеу және тау-кен байыту өнеркәсібіндегі процестерді қамтамасыз ету үшін тестілеу жүргізу, егжей-тегжей техникалық жобалау, әлемдік лидерлерден жабдықтарды жеткізу, сараптамалық технологиялық бақылау және орныққан қызметтер бойынша интеграцияланған қызметтерді ұсынады. FLSmidth өз қызметінде «тұрақты өнімділікке» – бір мезгілде шығындар және қоршаған ортаға кері әсерді азайта отырып, өнімділікті арттыруға басымдық береді. Еске салсақ, Шалқия кенішіндегі кен-байыту комбинатының құрылысын қаржыландыру ЕҚДБ-дан алынған қарыз қаражат және «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-тың жеке қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр.