ШАЛҚИЯДАҒЫ ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ

«ШалқияЦинк» акционерлік қоғамы Шалқия полиметалл кен орнында шахта құрылысының белсенді фазасын бастады. Мердігер Қытайдың екі ірі компаниясының консорциумы – JCHX және СCECC-ның шарты шеңберінде жоспарланған барлық жұмыстарды шетелдік жұмысшыларды тартпай-ақ орындауға міндеттеме алды. Қазіргі уақытта «ШалқияЦинктің» 253 жұмыскері жалақыларын көтеру талабымен мердігерге уақытша жұмысқа жалданды.

Тау-кен жұмыстары тау-кен-күрделі қазбаларды үңгілеуді, желдету жүйесін және камералық қазбаларды, оның ішінде кен беру кешенін салуды қамтиды.

Тау-кен мердігерін таңдау конкурсы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің электрондық сатып алу порталында халықаралық ережелер бойынша өтті. Оған ресейлік, қытайлық, неміс және қазақстандық компаниялар қатысты.

Мұрат Жәкішев – «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы:

 «Біз үшін ЕҚДБ-ның конкурстық алаңында қойылатын жоғары біліктілік талаптарына сәйкес мердігерді таңдау және штаттық қызметкерлер үшін жұмыс орындарын сақтау басты мәселе болды. JCHX және CСECC компанияларының консорциумымен қол қойылған шарттың талаптарына сәйкес серіктестер біздің жұмыскерлерімізді кәсіби қайта даярлауды және оқытуды өз мойнына алып отыр.

Жалпы әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға үлкен мән береміз. Тиісті меморандум Қызылорда облысының әкімдігімен жасалған болатын.»

Әлеуметтік серіктестік аясында «ШалқияЦинк» АҚ жергілікті қоғамдастыққа үнемі қолдау көрсетіп тұрады: Шалқия кентінде электрмен жабдықтау жүйесі жаңартылды, 1500-ден астам ағаш отырғызылған жаңа демалыс паркі ашылды, «Құттықожа» киелі бұлағының аумағы абаттандырылды, аудандық ауруханаға медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алынып, өтеусіз көмек көрсетілді.

Қызылорда облысының индустрияландыру картасындағы өндірістік қуаты жылына 4 млн тонна кен өндіретін Шалқия КБК құрылысы маңызды нысан болып табылады. Пайдалану кезеңінде кәсіпорынның жалпы өңірлік өнімге күтілетін үлесі – шамамен 2 трлн 400 млрд теңге, жыл сайынғы салық аударымдары 20 млрд теңге деңгейінде жоспарланып отыр.

Анықтама: «ШалқияЦинк» АҚ – «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы.

Шалқия – Қызылорда облысы Жаңақорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан полиметалл кен орны, 1963 жылы ашылған.  2016 жылы қолда бар қорларды растау үшін зерттеулер жүргізілді, JORC стандарттары бойынша бағалауға сәйкес кен орнында 3445000 тонна мырыш және 935000 тонна қорғасын бар. Алғашқы өнімді – қорғасын-күміс және мырыш концентраттарын КБК 2024 жылдың соңына қарай шығарады, ал 2025 жылы жобалық өнімділікке шығады.

JCHX Mining тау-кен құрылыс жұмыстары үшін бас мердігердің бірінші деңгейлі біліктілік сертификатына, шетелдік жобалар үшін шетелдік инжинирингтік мердігердің біліктілігіне ие, ал оның 100 пайыз еншілес компаниясы тау-кен металлургия зауыттары үшін инженерлік жобалаудың А деңгейлі біліктілік сертификатына ие. Компания Қытайдың тау-кен секторындағы еңбекті қорғау, қауіпсіздік, сапа және қоршаған ортаны басқару жүйелерін сертификаттаудың алғашқы бастаушысы болып табылады. Компания 2015 жылдың 30 маусымынан бастап Шанхай қор биржасында (JCX: 603979) бағасын белгілеген.

Қытайдың азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясы (CCECC) 1979 жылы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мақұлдауымен құрылды, 2003 жылы Қытай Теміржол Құрылыс Корпорациясымен (CRCC) біріктірілді. CCECC – Қытай ұлттық жоғары біліктілігі бар ірі мемлекеттік кәсіпорын. 2016 жылдың аяғында CCECC Азия, Еуропа, Африка, Америка және Океанияның 89 елі мен аймақтарында жобаларды басқарудың тұрақты кеңселерін я штаб-пәтерлерін ашты. 2017 жылдың 13 ақпанында корпорацияның Қазақстандағы филиалы ашылды.