Бітпеген бұрғылау Қарағанды облысындағы Солтүстік Қатпар кен орнында вольфрам мен молибденнің қорлары бар екендігін растады. Топогеодезиялық, геофизикалық және зертханалық-талдамалық зерттеулер нәтижелерін негізге ала отырып, мамандар кен орындарының үлкен бөлігіне нақты кендердің таралу аймағының тарихи шекараларының сәйкес келетіні туралы қорытынды жасады, кен интервалдарының шекаралары бірнеше метрге дейін дәлдікпен сәйкес келеді. Осылайша, Солтүстік Қатпар кен орнының қорлары шамамен 90 мың тонна вольфрам мен 13 мың тонна молибденді құрайды.
Зерттеу жұмыстары отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен жүргізілді.
Вольфрам кен орындарын игеруді бастаумен байланысты негізгі қиындық – Қазақстанда кен орындарының ерекшелігіне баламалы байыту технологияларының болмауы. Пекин Тау-кен ісі және металлургия институты Солтүстік Қатпар кен орны үшін кендерді байытудың жетілдірілген технологиясын әзірледі. Технология мыс, висмут және молибден концентраттарының ілеспе өндірісін болжап отыр.
Бұрын хабарлағанымыздай, Тау-Кен Самұрық ұлттық компаниясы жасампаз мақсаты – Қазақстанда вольфрам өнеркәсібінің қайта дамуы туралы мәлімдеді.
Қазақстанда 12-ге жуық вольфрам кен орындары барланып отыр, олардың жиынтық қорлары 2 млн тоннадан астам вольфрам триоксиді бағалануда (кеңес жылдарында алынған тарихи деректер). Ең ірі және перспективалылары – Жоғарғы Қайрақты және Солтүстік Қатпар (Қарағанды облысы). Солтүстік Қатпар қорлары бойынша орташа болып саналады, ал Жоғарғы Қайрақтыны мамандар бірегей деп атайды – ол әлемнің ірі вольфрам кен орындарының үштігіне кіреді. Жоғарғы Қайрақтыда вольфрам қорлары туралы тарихи деректерді растау (1 млн 213 мың тонна вольфрам және 343,5 мыың тонна молибден) геологиялық барлау жұмыстары кешенін аяқтағаннан кейін 2019 жылы күтілуде.
АНЫҚТАМАЛЫҚ: Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарындағы жер қойнауын пайдалану құқығы «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «Солтүстік Қатпар» ЖШС тиесілі.
Вольфрам – сирек химиялық элемент, оның бірегей физикалық қасиеттерінің арқасында көптеген өндірістік салаларда (машина жасау, тау-кен өндіру және қорғаныс өнеркәсібі, авиақұрылыс, ядролық физика, ядролық медицина, мұнай-химия және т.с.с.) сұранысқа ие.