Келіссөз жүргізу үшін Barrick Gold Corporation аға вице-президенті Ву Ли (Woo Lee) бастаған делегация Астанаға келді. Сапар аясында Қазақстан Үкіметі мен квазимемлекеттік сектордың өкілдерімен бірқатар кездесулер жоспарланып отыр.
Бүгін Ұлттық тау-кен компаниясының кеңсесінде Barrick Gold-пен пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы ықтимал ынтымақтастық талқыланды. «Тау-Кен Самұрық» Басқарма төрағасы Бахыт Чирчикбаев компанияның ағымдағы және перспективалы жобаларын таныстырды. Канадалық кәсіпкерлер болашақ ынтымақтастыққа қатысты диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Barrick Gold Corporation АҚШ, Канада, Австралия, Папуа – Жаңа Гвинея, Доминикан Республикасы, Перу, Чили, Ресей, Оңтүстік Африка, Пәкістан, Колумбия, Аргентина және Танзанияда алтын мен мыс барлау және өндіру жұмыстарын жүргізеді. Компания жұмыстарын жүргізіп отырғандықтан, барлық аймақтардағы жергілікті қауымдастықтармен өзара ықпалдастық мәселелеріне, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму жобаларына инвестицияларға, медицина мен білім беруді қолдауға үлкен көңіл бөледі. Тек 2021 жылдың өзінде Barrick Gold осы нысандарға 26,5 млн $ инвестиция салды.
2023 жылдың наурызындағы жағдай бойынша Barrick Gold-тың нарықтық капитализациясы 32,55 млрд $ құрайды, компания 1983 жылы құрылған. Штаб-пәтері Торонтода (Канада) орналасқан, президент және атқарушы директоры – Марк Бристов.
Barrick Gold Corporation делегациясының Қазақстанға сапары «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның көмегімен ұйымдастырылды.