Тау-Кен Алтын аффинаж зауытының өндірістік алаңында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі Сенат комитетінің мүшесі, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Ілияс Оспановтың, Геология комитетінің өкілі Ерлан Ақбаровтың, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңейтілген отырыс өткізілді.
Отырысқа қатысушылар жер қойнауын пайдаланудың өзекті аспектілері – елдің минералды-шикізат базасын толтыру мәселесін, отандық тау-металлургия кешенінің ерекшеліктері мен перспективаларын, геологиялық барлауға инвестицияларды тарту бойынша қабылданап жатқан шаралар мен Ұлттық тау-кен компаниясының қызметін одан әрі жетілдіру мәселесін талқылады.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы Бахыт Чирчикбаев компания жұмысының бағыттары мен болашақ жоспарлар туралы түбегейлі айтып берді. Компания геологиялық жобаларды нығайтуға және сирек және сирек жер элементтері секторын дамытуға күш-жігерін сала отырып отандық және шетелдік инвесторлармен жұмысты белсенді түрде жалғастыруға ниетті.
Бахыт Чирчикбаев мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу Қазақстан үшін геологиялық барлаудың және жалпы тау-металлургиялық кешеннің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге көмектесетін атап өтті.
Атап айтқанда, бұл салық салу мәселелерінің, бюрократсыздандыру мен жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар мен келісімшарттарды алумен байланысты рәсімдерді жеңілдетудің жалпы блогы. Бұдан басқа қазіргі күнге дейін геологиялық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі толық көлемде қамтамасыз етілмеген.