«Алайғыр» БК» ЖШС 2011 жылғы 20 қазанда құрылды. «Алайғыр» БК» ЖШС Алайғыр кен орнының полиметалл рудасын өндірумен айналысады.
«Алайғыр» БК» ЖШС-ның жалғыз қатысушысы «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ болып табылады.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК » АҚ Басқармасының 2023 жылғы 13 маусымдағы шешімімен (№16-23 хаттама) «Алайғыр» БК» ЖШС Бас директорының міндеттерін орындау Қайрат Ордабаевқа жүктелді.
Байланыс деректері:
0100024, Қазақстан Республикасы, Қарағанда қ., Қазыбек Би ауданы, Степной-2 шағынауданы, 6/1 құрылыс, «Астана» БО
Тел.: +7 (7212) 557788, info@alaigyr-tks.kz