«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты өңір мемлекеттері басшыларының V консультативтік кездесуіне орайластырылған Орталық Азия тауар өндірушілерінің көрмесіне қатысады.
Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан көшбасшылары қатысушы елдердің экономикалық жетістіктерімен танысып, ұлттық павильондарды аралады.
Қазақстан алаңы металлургия, химия, жеңіл, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы машина жасау және басқа да салалардың 130-дан астам кәсіпорындарымен ұсынылған.
Аффинаж зауытының өнімдері – алтын және күміс банктік өлшеуіш құймалар мен түйіршіктер келушілердің қызығушылығын тудырды. «Тау-Кен Алтын» шығаратын алтынның сапасы LMBA (the London Bullion Market Association) «Good Delivery» сертификатымен расталғанын естеріңізге саламыз.