Аффинаж зауыты «Алтын Гефест» беделді республикалық байқауының жеңімпазы болды. «Алтын Гефест» мүсіні – өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан жоғары стандарттарды ұстанатына кепіл, мәселен оны металлургтер арасында отандық Оскар деп атайды. Кәсіпорында пайдалануға берілген сәттен бастап бірде-бір жазатайым оқиға немесе техникалық оқыс оқиға болған емес. Бұл күнделікті тыңғылықты жұмыстың және зауытта техника қауіпсіздігі мәселелеріне көп көңіл бөлінуінің нәтижесі.
Өндірістік процестің барлық кезеңдерінде қауіпсіздік саясатын қолдау, авариялар мен төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін болғызбау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жоғары стандарттарға қол жеткізу құралдарының бірі – еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ).
Қорды трансформациялау бағдарламасы шеңберінде өндірістік қауіпсіздікті кешенді басқару тұжырымдамасы әзірленіп, енгізілді.
Бұдан басқа өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесінің неғұрлым тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін «Тау-Кен Алтын» ЖШС Қазақстан Республикасында қолдануға ұсынылатын халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттау жұмысын жүргізеді.