«ТАУ-КЕН АЛТЫН» ЖШС 2013-2015 жылдарға арналған жеке және ұластырылған аудиті бойынша аудиторлық ұйымдардың қызметін кейін бір көзден сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымдарды таңдау процедурасын өткізу туралы хабарландыру

«Тау-Кен Алтын» ЖШС, Астана қаласы, «Су-жасыл гұлзар», Қонаев көшесі 12/1, , 5-қабат, 506-қабат, мекенжайы бойынша орналасқан аудиторлық және ілеспе қызметтердің Тапсырыс берушісі, «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) Басқармасының 2012 жылғы 2 қазандағы шешімімен бекітілген (№39/12 хаттама),«Самұрық-Қазына» АҚ пен дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ меншік құқығына немесе сенімді басқаруына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін Аудиторлық ұйымдарды таңдау тәртібін (бұдан әрі – Тәртіп) басшылыққа ала отырып, аудиторлық және ілеспе қызметтер көрсету үшін Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасын мынадай көлемде және мынадай шарттар бойынша өткізу туралы хабарландырады:
1. Сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтер көлемінің қысқаша сипаты:
Халықаралық қаржы есептемесі стандартына сәйкес әзірленген, Тапсырыс берушінің қаржы есептілігі аудитін өткізу жөніндегі аудиторлық қызметті көрсету талап етіледі.
1. 2013 жылғы 30 маусымда аяқталатын кезеңдегі аралық қаржы есептемесіне шолу.
2. 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын кезеңдегі қаржы есептемесінің аудиті .
3. Әлеуетті Қатысушыларды (1) таңдау процедурасына қатысуға арналған, Қатысушылардың ресми сұранысы бойынша олар кейін құпиялық туралы келісімге қол қоятын Өтінімінде, басшыға жолданған хатында тиісті ұсыныстар беріле отырып, Қызметтің жалпы сомасына құны енгізілген, аудиторлық тексеру жүргізу шеңберіндегі сатып алынатын аудиторлық және ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы;
2. Аудиторлық ұйымның қызметін сатып алу үшін бөлінген сома, ҚҚС есепке алғанда, 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге құрайды.
3. Аудиторлық ұйымды таңдау процедурасына қатысуға арналған Өтінімнің көшірмесін, әлеуетті Қатысушылардың уәкілетті өкілдері, олар құпиялық туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Астана қаласы «Су-жасыл гұлзар», Қонаев көшесі 12/1, 5-қабат, 506-қабат, мекенжайы бойынша электронды түрде немесе қағаз тасымалдаушымен ала алады.
4. Таңдау процедурасына тілек білдірген әлеуетті Қатысушы, Астана қаласы «Су-жасыл гұлзар», Қонаев көшесі 12/1, 5-қабат, 506-қабат, мекенжайы бойынша Таңдау процедурасына қатысуға арналған Өтінімде көрсетілген мерзімде және талаптарға сәйкес Қызмет көрсетуге ресми ұсыныс беруге тиісті.
5. Қатысушылардың ресми ұсыныстары конвертке салынып, Астана қаласы «Су-жасыл гұлзар», Қонаев көшесі 12/1, 5-қабат, 506-қабат, мекенжайы бойынша беріледі. Әлеуетті Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері ресми ұсыныстарын қолға берген кезде, әлеуетті Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері, әлеуетті Қатысушының ресми ұсынысын беру құқығына арналған сенімхатты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге ұсынуға тиісті.
Ресми ұсыныстары бар конверттерді берудің басталу мерзімі: 2013 жылғы 12 шілде (9 сағат 00 минуттан 18 сағат 30 минутқа дейін, түскі үзіліс 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін).
Ресми ұсыныстары бар конверттерді берудің аяқталу мерзімі: 2013 жылғы 18 шілде (9 сағат 00 минуттан 16 сағат 00 минутқа дейін).
Таңдау процедурасына қатысуға арналған өтінімдер конверті , Астана қаласы «Су-жасыл гұлзар», Қонаев көшесі 12/1, 5-қабат, 506-қабат, мекенжайы бойынша 2013 жылғы 18 шілдеде 16-30 сағатта ашылады. Қосымша ақпаратты және анықтамаларды мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 55 81 96
Құпиялық туралы келісімнің жобасы қоса берілді.
Аудиторлық ұйымдар, егер олар Холдингтің (2)сенімсіз әлеуетті жеткізушілері тізбесінде және (немесе)мемлекеттік сатып алудың алақол қатысушылары тізімінде тұрған болса, Таңдау процедурасына қатысуға құқығы жоқ.
Аудиторлық ұйымдар, өзінің қызмет көрсетуге арналған ресми ұсынысы бар тиісті өтінішін ұсыну арқылы өзінің тәуелсіздігін дәлелдеуге тиісті. Тапсырыс беруші Комиссиясы Жұмысшы органының жекелеген өтінімдері бойынша,, осы қызметтерді көрсетуге байланысты Қатысушының тәуелсіздігіне қауіптің жоқтығын негіздей отырып, Таңдау жүргізілетін, Тапсырыс берушіге және оның еншілес/қауымдасқан/бірлесіп бақылайтын ұйымдарына көрсетілген немесе көрсетілетін аудиторлық емес қызметтердің тізімін аудиторлық ұйым ұсынады, бірақ жылына бір реттен жиі емес.
Тапсырыс беруші Комиссиясы Таңдау процедурасын өткізген кезде, Қатысушының , хаттама көрініс табатын, тәуелсіздігі мәселесі бойынша өзінің қорытындысын міндетті түрде енгізеді.
(1) Қатысушы – аудиторлық ұйымның қызметін сатып алу туралы шартты жасауға үміткер және Таңдау процедурасына тәртіпке сәйкес қатысатын аудиторлық ұйым.
(2)Холдинг – «Самұрық-Қазына» АҚ пен дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ меншік құқығына немесе сенімді басқаруына тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы.
1.СҚұпиялылық туралы келісім
2. Самұрық-Қазына» АҚ пен дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ меншік құқығына немесе сенімді басқаруына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі.