2014 жылғы8 – 18 сәуірде «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі, ұлттық компаниялардың 2014 жылғы бірінші тоқсандағы жұмыс сапасына қатысты барынша әділ баға алуға бағытталған, сараптық сұрау жүргізді.
Зерттеу аясында ұлттық компаниялар жұмысының сапасын бағалау үшін алынған 10 негізгі өлшемнің мәні есепке алынды. Бағалау, «1»-ден (ең төменгі) «7»-ге (ең жоғарғы) дейінгі балды саралай отырып, 7 балл жүйесі пайдаланылып жүргізілді.
Өткен есепті жылмен салыстырғанда 2013 жылы ұлттық компаниялар жұмысын бағалауды өлшемдік саралау– сарапшылар дамудың өзіндік бағдарламасын іске асыруда компаниялар табысының басты индикаторы, сондай-ақ қызметті түпкі тұтынудағы өзара әрекеттестік сапасыөзгерген жоқ.
Осы өлшемдерге сәйкес, сарапшылар ұлттық компаниялардың 2014 жылғы бірінші тоқсандағы жұмысының сапасын бағалады, нәтижесінде шартты түрде «көшбасшы» деп белгілеуге болатын төменде тізімделген бірінші бестік қалыптасты:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — 3,56 балл;
«Қазақстандық электр желілерін басқару жөніндегі компания» АҚ («KEGOC») – 3,43 балл;
«Қазақтелеком» АҚ — 3,42 балл;
· «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ — 3,40 балл;
· «Қазақстан темір жолы» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ — 3,39 балл.
2014 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша барынша тиімді ұлттық компаниялар арасында төртінші орынды «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ жеңіп алды.
2014 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен «Тау-Кен Самұрық» АҚ арасында Жамбыл облысындағы Шоқпар кен орны алтын құрамды рудасын барлау келісімшартына қол қойылды.
Қазіргі уақытта компания бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыруда. Оның ішінде:
· «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытының құрылысын аяқтау және іске қосу;
· «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі қатысу үлесін «Қазцинк» ЖШС беру арқылы оңтайлы қаржы көрсеткішіне шығу;
· 2014 – 2022 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын әзірлеу;
·жер қойнауын пайдалануға арналған жаңа келісімшарттар жасау.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ жоспары 2022 жылға қарай, алдыңғы қатарлы технологияларды және үздік әлемдік тәжірибені енгізетін, Қазақстандағы тау-металлургия секторының ірі ұлттық компаниясына айналу.
Тізім ортасына қызметі перспективалы деп сипатталған компаниялар орналасты. Олар рейтингтегі алдыңғы бес компания сияқты барынша жоғары тиімділікке ие, алайда, осылай бола тұра, олардың қызметін тиімсіз деп бағалауға болмайды. Олардың арасында:
· «Біріккен химия компаниясы» ЖШС — 3,38 балл;
·«Қазгеология» АҚ — 3,30 балл;
·«Қазпочта» АҚ — 3,28 балл.