«ТАУ-КЕН САМұрық» АҚ 2013-2015 жылдарға арналған жеке және ұластырылған қаржы есептілігі аудиті бойынша кейін аудиторлық ұйымдардың қызметін бір көзден сатып алу мақсатында аудиторлық ұйымды таңдау процедурасын өткізу туралы хабарландыру

Астана қ., «Меруертті орам» БО, Қонаев көшесі 8,«Б» блок,13-қабат, info@tks.kz, мекенжай бойынша орналасқан, аудиторлық және ілеспе қызметтердің Тапсырыс берушісі болып табылатын, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) Басқармасының 2012 жылғы 2 қазандағы шешімімен бекітілген (№39/12 хаттама), «Самұрық-Қазына» АҚ пен дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы«Самұрық-Қазына» АҚ меншік құқығына немесе сенімді басқаруына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін Аудиторлық ұйымдарды таңдау жөніндегі таңдау тәртібін (бұдан әрі – Тәртіп) басшылыққа ала отырып, Аудиторлық немесе ілеспе қызметтерді көрсету үшін Аудиторлық ұйымдарды таңдау процедурасын мынадай көлемде және мынадай шарттар бойынша өткізу туралы хабарлайды: