Кездесу, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовтың шақыруы бойынша «KORES» компаниясының президенті Ко Джонг Сиктің ресми сапары шеңберінде өтті. Корея делегациясының құрамында «KORES» халықаралық қатынастар департаментінің директоры Джонг Су Ен, барлау департаментінің директоры Ким Нам Вон, Алматылық кеңсенің өкілі Ким Джонг Ин, халықаралық қатынастар департаментінің менеджері Джо Кум Сон, Алматылық кеңсенің менеджері Тен Лена болды.
Кездесу барысында «KORES» компаниясының делегациясы, ұлттық тау-кен компаниясының қызметімен танысты. «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Ә.Тұрмағамбетов шетелдік қонақтарды Қоғамның даму стратегиясы, өндірістік қызметтегі жетістіктері туралы хабарландырды. Екі тарап та жер қойнауын пайдалану жобаларының тиімділігін арттыратын инновациялық технологияларды енгізудің маңызын ерекше атап өтті.
Іскерлік кездесу қорытындысы бойынша компания басшылары тау-байыту кен орындарын әзірлеу мен игерубойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.