«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ тұрақты дамуға өзінің үлес қосуын түсіне отырып, тұрақты дамудың әлеуметтік факторына ерекше мән береді, мүддесі оның қызметін қамтитын тараптардың кең ауқымы алдында әлеуметтік жауапты мінез-құлық бойынша ерікті түрде міндеттемелер қабылдайды, сондай-ақ тұрақты ғаламдық нарықтың дауына өзінің үлесін қосуға тырысады.
Осыған байланысты, 2013 жылғы21 ақпанда Қоғам міндеттеме қабылдап, Біріккен Ұлттар Ұйымы Ғаламдық шартының (бұдан әрі – БҰҰ Ғаламдық шарты) бастамасына ерікті түрде қосылды.
Қызметті ұзақ мерзімдік және тұрақты дамыту мақсатында Қоғам, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясын әзірледі, оның негізі етіліп бизнесті жауапты жүргізудің бірыңғай платформасын қалыптастыру тәсілі алынды.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясы (бұдан әрі – КӘЖ) қоғамға, мемлекетке, жалғыз акционерге, іскер әріптестерге және персоналға арналған. КӘЖстратегиясы Қоғамның ұзақ мерзімдік даму стратегиясын толықтырады және оның әлеуметтік саладағы қызметін тұрақтандырады.
Әрине, Қоғамның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі компания персоналына бағытталған. Қоғам персоналға ұзақ мерзімдік инвестиция, компанияның басты капиталы ретінде қарайды. Қоғам өзінің персоналын оқытуға елеулі қаражат бөледі. Мысалы,өткен жылы қызметкерлерді оқытуға арналған жылдық бюджет шамамен 25 миллион теңге құрады, оның 80% астам қаражаты игерілді. Осы ақшаға шамамен 40 қызметкер білім алды, яғни, бұл компанияның жалпы штат санының 50% дерлік. Корпоративтік сұраныс ескеріле отырып, оқу әртүрлі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Қоғам шығынның қызмет нәтижесімен өтелетіндігін күтеді.
Оқу сапасын арттыру мақсатында Персоналды басқару қызметі өткен оқулардың тиімділігін тұрақты түрде талдап отырады. Оқу материалының сапасы мен жаңалығы, оның жұмыста қолданылуы, жаттықтырушының әзірлік деңгейі бағаланады. Құрылымдық бөлімше басшысы қызметті жыл сайынға бағалау негізінде, оқуда болған қызметкердің тиімділігін талдайды.
Компания персоналды басқару, дамыту және оқыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді. Қоғам, компанияның даму стратегиясы мен еңбек нарығы өзгерістерін ескере отырып, персоналды басқару жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жасайды. Персоналды басқару жүйесін құру, өте күрделі және көп еңбекті қажетсінетін процесс. Адамдар ғана өндірістік процестің материалдық және заттық элементтерін қозғалысқа келтіреді, компанияның табысын құрайтын пайданы жасайды. Сондықтан да адамдар, компанияның аса маңызды ресурсы және капиталы болып табылады, толықтай алғанда компания қызметінің нәтижелері, оның сапасына және дұрыс пайдаланылуынан тәуелді.