​«Тау-Кен Самұрық» АҚ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өткізілді.

Қазақстанның Тәуелсіздігі – бұл біздің көпұлтты жас еліміздің әр азаматының еркіндігінің символы мен кепілдігі. Осы жылдар ішінде біз экономикада, дүниежүзілік мәдениет пен этносты біріктіретін ел ретінде әлемдік аренада үлкен белестерге қол жеткіздік. Қазақстан әлемге дүниежүзілік державалардың жаһандық мәселелерін талқылау мен шешу үшін сұхбат алаңы ретінде танылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Жиырма екі жыл бұрын біз өз экономикамызды осындай деңгейге көтереміз деп тек армандай алатынбыз. Ал биылғы жылы Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді». Қазіргі заманғы күрделі экономикалық жағдайларға, барлық жаһандық және өңірлік қиын-қыстау кезеңдерге қарамастан, Қазақстан өз мақсатына нақты қадам басып келеді. Бүгінгі күнгі қилы заманда Қазақстанның тау-кен саласының ұлттық операторы – «Тау-Кен Самұрық» АҚ еліміздің экономикасының дамуына, өсуіне және нығайуына өз үлесін қосуда бар күш-жігері мен мүмкіндігін салатын болады.

1ccbeade41772f1663882244ac219319.jpg

Салтанатты іс-шара аясында компания қызметкері Замира Джунусова «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Замира Викторовна «Тау-Кен Самұрық» АҚ негізі қаланған күннен бастап жұмыс атқарады. Компанияның дамуына қосқан адал еңбегі мен үлкен үлесі үшін бірнеше рет «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы У.Шөкеевтің, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы М.Тұрмағамбетовтың алғыс хаттарымен марапатталды.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығы мен ұжымы барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен өркендеуді тілейді!