«Тау-Кен Самұрық» АҚ Даму стратегиясын іске асыру шеңберінде, «Масальский ТБК» ЖШС қатысу үлесін сатып алу бойынша мәміле жасады.
Ұлттық тау-кен компаниясы ретінде, «Тау-Кен Самұрық» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі, ауқымды капиталдық шығындарына байланысты, жеке фирмалардың игеруі мүмкін болмайтын, қиын байытылатын, күрделі және төмен сортты рудалы кен орындарын, бір мезгілде бәсекеге қабілетті өнім ала отырып игеру болып табылады.
Аталған сатып алу, «Масальский» темір рудалы кен орнын игеру, болаттың әртүрлі арнайы маркасын өндіру бойынша металлургия зауытымен бірлесіп, тау-байыту кешенін салу есебінен, тау-металлургиясаласын дамытуға бағытталған. Кен орнын игеру, еліміз экономикасының әртүрлі саласында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруді жолға қоюға, Ақмола облысында жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің және елдің дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік жасайды.
«Тау-Кен Самұрық» АҚ жылына 10 млн. т. темір рудасын өндіруді және жылына 1 – 1,2 млн. т. прокат және сұрыптама түріндегі жоғары сапалы болат өндіруді жоспарлап отыр.
Жоба туралы ақпараттар:
«Масальский» кен орны Ақмола облысының Жарқайың ауданында орналасқан және титан-магнетит кен орнына жатады Мемлекеттік балансқа қойылған темір рудасының запасы 729 млн. т. асып түседі.
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 04 қазандағы №1137 қаулысына сәйкес, кен орны стратегиялық санатқа жатқызылған, ал оны игеру жобасы Тау-металлургияөнеркәсібін дамытудың 2014 – 2018 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген.
Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ү.ж. мамырда Шанхайға (ҚХР) сапары аясында, жобаны іске асыру мақсатында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен CITICGroupCorporationарасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум негізінде жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленетін болады.