«Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес және тәуелсіз компаниялары үшін аудиторлық ұйымдарды таңдау процедурасының қорытындылары туралы

«Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес және тәуелсіз компаниялары: «Тау Кетмень» ЖШС, «TauKenMining» ЖШС, «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау Голд Коппер» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау-Кен Проект» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау-Кен Прогресс» ЖШС, «ТКС-Қостанай» ЖШС, «ТКС-Жақсылық» ЖШС, «Шоқпар-Гагарин» ЖШС, «Tau-Ken Temir» ЖШС, «Масальский ТБК» ЖШС үшін аудиторлық ұйымдарды таңдау процедурасының қорытындылары туралы

№ 1 ХАТТАМА

Астана қ., Д. Қонаев көш., 8 17 сағат 00 мин., 2014ж. 14 қараша

1. «Тау-Кен Самұрық» АҚ орналасқан жері: Астана қ., Қонаев көш. 8, Б блок, каб.1335-каб.

Тапсырыс берушінің Комиссиясы:

Комиссия төрағасы:

Кәрім Д.А.

– Қаржы жөніндегі басқарушы директор.

Комиссия мүшелері:

Сейітова А.Б.

– Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры ;

Мүкарамов Б.А.

– Бюджеттік жоспарлау және қазынашылық департаментінің директоры;

Шаекин Р.Р.

– Активтерді басқару және мониторинг департаментінің директоры;

Сайфуллина М.К.

– «Tau-Ken Temir» ЖШС бас бухгалтері;

Байгенжина Г.Қ.

– «Тау-Кен Проект» ЖШС бас бухгалтері-экономист.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес және тәуелсіз компаниялары:

«Тау Кетмень» ЖШС, «Tau-KenMining» ЖШС, «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау Голд Коппер» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау-Кен Проект» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау-Кен Прогресс» ЖШС, «ТКС-Қостанай» ЖШС, «ТКС-Жақсылық» ЖШС, «Шоқпар-Гагарин» ЖШС, «Tau-Ken Temir» ЖШС, «Масальский ТБК» ЖШС үшін аудиторлық ұйымдарды таңдау процедурасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен бекітілген (№49/13 хаттама), «Самұрық-Қазына» АҚпен дауыс беруші (қатысу үлесі) акцияларының елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚменшік құқығына немесе сенімді басқаруына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар үшін Аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі тәртіпке (бұдан әрі – Тәртіп) сәйкес жүзеге асырылады.

Тәртіп, аудиторлық ұйымды таңдау кезінде, дауыс беруші (қатысу үлесі) акцияларының елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚменшік құқығына немесе сенімді басқаруына тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдаркорпоративтік стандартын сақтау үшін міндетті болып табылады.

Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес және тәуелсіз компаниялары:

«Тау Кетмень» ЖШС, «Tau-KenMining» ЖШС, «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау Голд Коппер» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау-Кен Проект» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау-Кен Прогресс» ЖШС, «ТКС-Қостанай» ЖШС, «ТКС-Жақсылық» ЖШС, «Шоқпар-Гагарин» ЖШС, «Tau-Ken Temir» ЖШС, «Масальский ТБК» ЖШС үшін аудиторлық ұйымдарды таңдау процедурасына қатысу үшін мына Әлеуетті қатысушылардың ресми ұсыныстары ұсынылды:

Әлеуетті қатысушының атауы

Әлеуетті қатысушының орналасқан жері

Қатысуға өтінім берілген күні және уақыты

1

«RusselBedfordBCPartners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Луганский көш. 44а, 2-пәтер

2014жылғы 13 қараша,

11 сағат30 минут

2

«БИЗНЕС КОНСАЛТ» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бұхар жырау көш. 72-үй, 1-кеңсе

2014жылғы 14 қараша,

12 сағат45 минут

Әлеуетті қатысушылардың ұсыныстан ауытқушылығы болған жоқ.

Процедураға жоғарыда аталған компаниялардың екеуі ғана қатысатындығына қармастан, бәсекелестік талаптары сақталады, аудиторлық ұйымды таңдау процедурасының бірінші және екінші кезеңі біріктіріледі. Қорытындысын шығару мен Әлеуетті қатысушылар жиынтық сомасының есебі, олардың Тапсырыс беруші Комиссиясы үшін ауызша тұсаукесер өткізгеннен кейінгі бекітілген критерийлері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Ауызша тұсаукесерді ұсыну үшін Әлеуетті қатысушылармен Тапсырыс беруші Комиссиясының кездесуі 2014 жылғы 14 қарашаға сағат 16-30-ға тағайындалды.

Күн тәртібі

1. «Russel Bedford BC Partners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС пен «БИЗНЕС КОНСАЛТ» ЖШС – Әлеуетті қатысушылармен ауызша тұсаукесер өткізу.

2. Тапсырыс беруші Комиссиясының түпкілікті қорытындыны шығаруы.

Бірінші мәселе бойынша

Сөз сөйлегендер: «БИЗНЕС КОНСАЛТ» ЖШС өкілдері.

  • Компанияны қысқаша таныстыру, жұмыс тәсілдерінің және қызмет аспектілерінің қысқаша тұсаукесері;
  • Аудит аяқталу бойынша берілген мерзімге қатаң сәйкестігі;
  • Жобаларды басқаруда ауқымды салалық тәжірибесінің және машығының болуы;
  • Мамандардың «Үлкен төрттік» аудиторлық фирмада жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Сертификатталған мамандары санының жеткілікті болуы (АССА/ДипИФР).

«Russel Bedford BC Partners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС компаниясының өкілдері тұсаукесерге қатысқан жоқ.

Аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі процедураны өткізген кезде Тапсырыс берушінің Комиссиясы Тапсырыс берушіге қатысты «Russel Bedford BC Partners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС пен «БИЗНЕС КОНСАЛТ» ЖШС компанияларының тәуелсіздігі туралы қорытынды шығарды.

Екінші мәселе бойынша

Әлеуетті қатысушылардың ауызша тұсаукесері нәтижесі бойынша Тапсырыс беруші Комиссиясының мүшелері, ұсыныстардың сапасы мен бағасы бөлігі бойынша пікір алмасты және Балау парақтарын толтырды. Жұмысшы орган Тапсырыс беруші Комиссиясы мүшелері толтырған Бағалау парақтары негізінде жиынтық баға есебін жүзеге асырды. Есептеу нәтижелері:

1. Бірінші орында – «БИЗНЕС КОНСАЛТ» ЖШС, қорытынды балы29,15;

2. Екінші орында – «Russel Bedford BC Partners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС, қорытынды балы 25,8.

Бұдан әрі Тапсырыс берушінің Комиссиясы мына ретпен қорытындысын шығарды және конкурстық ұсыныстарды айқындады:

1. Бірінші орын – «БИЗНЕС КОНСАЛТ» ЖШС;

2. Екінші орын – «Russel Bedford BC Partners» халықаралық аудиторлық компаниясы» ЖШС.

ШЕШІМ:

Жұмысшы органның жиынтық бағалау есебін шығаруы және барлық Қатысушылардың жалпы талқылауын жүргізу нәтижесінде Тапсырыс берушінің Комиссиясы ең көп бал санын алған БИЗНЕС КОНСАЛТ» ЖШС Жеңімпаз деп тану туралы ұсыныс жасады. Тау-Кен Самұрық» АҚ еншілес және тәуелсіз компаниялары:

«Тау Кетмень» ЖШС, «Tau-KenMining» ЖШС, «Алайғыр» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау Голд Коппер» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау-Кен Проект» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Тау-Кен Прогресс» ЖШС, «ТКС-Қостанай» ЖШС, «ТКС-Жақсылық» ЖШС, «Шоқпар-Гагарин» ЖШС, «Tau-Ken Temir» ЖШС, «Масальский ТБК» ЖШС 2014 жылға арналған жеке қаржы есептілігі аудиті қызметіне, ҚҚС есепке алмағанда, жалпы сомасы 3 664 000 (үш миллион алты жүз алпыс төрт мың) теңге қызметі енеді.

1. Жұмысшы орган, Тапсырыс беруші клмиссиясының отырысынан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытындылар туралы аталған хаттаманың көшірмесін www.tks.kzвеб-сайтына орналастыруды жүзеге асырсын.

2. Жұмысшы орган, Тапсырыс беруші Комиссиясының отырысынан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қорытындылар туралы аталған хаттаманың көшірмесін Қатысушыларға жөнелтетін болсын.

Тапсырыс беруші Комиссиясының отырысы сағат 18.00-де жабылды.