«Тау-Кен Самұрық» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті

2013 жылғы 26 маусымда «Тау-Кен Самұрық» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:
1. «Масальское» кен орны темір рудасын өндіру және қайта өңдеу жобасын іске асыру мәселесін қарау.
2. Қарағанды облысы «Прогресс» алтын кен орнын бағалау жұмыстарының жобасын қарау.
3. Жамбыл облысы «Гагарин» алтын кен орнын бағалау жұмыстарының жобасын қарау.
4. Жамбыл облысы «Шоқпар» алтын кен орнын бағалау жұмыстарының жобасын қарау.
5. Қостанай облысындағы алаңдарға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген кезде, «ОRESCAN» әдісімен аэромобильдік сейсмоэлектромагниттік зерттеуді қолдану.

«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БОЛЫП ӨТТІ

Ғылыми-техникалық кеңес(ҒТК), Қоғамның қызметін ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-талдау және сараптық қамтамасыз ету мақсатында құрылған, тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады.ҒТК құрамына «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері сияқты, Қазақстанның ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары атынан өкілдік ететін ғалымдар да енеді.
2012 жылғы 6 қарашада ҒТК мүшелерінің қатысуымен«Тау-Кен Самұрық» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, онда мындай мәселелер қаралды:
1. «Тау-Кен Самұрық» АҚ 2012- 2022 жылдарға арналған инновациялық-технологиялық стратегиясының жобасы;
2. ҚР Қостанай облысындағы Черниговский кен орны қоңыр көмірін игеру кезінде көмірді жер үстінен газдандыру технологиясын қолдануды негіздеу;
3. «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты үшін алтын мен күмісті тазарту технологиясын таңдауды негіздеу;
4. Батыс Саяқ кен орны титан-магнетит рудасын технологиялық өңдеуді қарау;
5. Ешкіөлмес кен орны мыс-алтын рудасын технологиялық өңдеуді қарау.
2012 жылғы 16 қарашада ҒТК отырысының хаттамасы ҒТК мүшелерімен келісілді және«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасымен қол қойылды.