2014 жылғы 12-13 маусымда Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында Astana Mining & Metallurgy» (АММ) мерейтойлық V Халықаралық Тау-металлургияКонгресі болып өтті. Конгрес аясында өткізілген іс-шаралардың арқауы «Жаңғырту – әлемдік нарықтың тұрақсыздығы жағдайында тау-металлургия кешенін дамытудың негізгі факторы» тақыры болды. «Тау-Кен Самұрық» АҚ, өзге де тау-металлургия кешені ұйымдарымен бірге Конгресс жұмысына белсенді түрде қатысты. АММ – 2014 форумымен қатар біртұтас алаңда тау-металлургия кешені компанияларының көрмесі, «Золотой Гефест» конкурсы болып өтті.
Халықаралық тау-металлургия Конгресі аясында «Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдері, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П.Раудың басшылығымен өткен, «VOLKSWAGEN AG» неміс компаниясы өкілдерімен болған кездесуге қатысты. Кездесу барысында неміс инвестициясын Қазақстан Республикасына тарту мәселесі қаралды.
Мерейтойлық V Халықаралық Тау-металлургияКонгресі аясындағы көрмеде «Тау-Кен Самұрық» АҚ,компанияның жария стендін ұсынды, онда негізгі инвестициялық жобалар көрсетілді. Мұның сыртында, шығарылатын өнімдер үлгісімен «Тау-Кен Алтын» ЖШС стендтін ұсынды.
«Жаңғырту – әлемдік нарықтың тұрақсыздығы жағдайында ТМК дамытудың негізгі факторы» форумы аясындағы тау ісі сессиясында Жобаларды ісе асыру жөніндегі басқарушы директор – «Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма мүшесі Қ.С.Ізбасханов «ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы жобаларын іске асыруға «Тау-Кен Самұрық» АҚ қатысуы» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Спикерлер тау-металлургиякешенінің жетістіктерін ғана емес, сонымен бірге, кейбір салалық мәселелерді талқылады және оларды шешудің жолдарын ұсынды.