​«Тау-Кен Самұрық» АҚ металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтайды!

Металлургия – отандық экономиканың ту ұстаушыларының бірі, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін саласы болған және болып қала береді. Қазақстандық тау-металлургия саласының бүгінгі табыстары өндірістің жаңғыртылуына, инновациялық технологиялардың енгізілуіне, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің артуына байланысты.

Бүгінгі таңда қаншама зауыттар жаңалануда, алдыңғы қатарлы технологиялар игерілуде, аса маңызды жобалар іске асуда. Осы ретте, «Тау-Кен Самұрық» компаниясының мақтанатындай жөні бар. Жыл сайын біздің Компания даму үстінде, кеңеюде, жаңа жұмыс орындары пайда болуда. Біздің еліміздің өз ісінің нағыз шеберлеріне зәру еместігі шын мәнінде қуанттады. Ал, олардың көпшілігі біздің Компанияда жұмыс істейтіндігі ризашылық сезіміне бөлейді.

Біздің ортақ кәсіби мерекеміз үстінде Сіздерді құттықтай отырып, кәсіби салада табыстар, металлургия өнеркәсібінде жаңа жетістіктер мен жеңістер тілегіміз келеді!

Мерекелеріңізбен, құрметті Металлургтер!

 

Құрметпен және ең жақсы тілектермен,

«Тау-Кен Самұрық» АҚ ұжымы.

Металлург күніне әзірленген, «Тау-Кен Самұрық» АҚ бейнеролигіне сілтеме, мында:

https://tks.kz/kz/video/tau-ken-samurik-ak-metallurgtardi-kasibi-merekelerimen-kuttiktaidi