«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» АҚ ӨКІЛДЕРІ ЖАПОНИЯДАҒЫ АСА ІРІ БАНК КОРПОРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БІРІ SUMITOMO MITSUI BANKING CORPORATION (SMBC) ЕУРОПАЛЫҚ БӨЛІМШЕСІМЕН ТАНЫСУ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ.

«Тау-Кен Самұрық» АҚ өкілдері :апониядағы аса ірі банк корпорацияларының бірі Sumitomo Mitsui Banking Corporation (SMBC) еуропалық бөлімшесімен танысу кездесуін өткізді. SMBC өзін Қазақстандағы ірі ұлттық және жеке компаниялардың халықаралық мәмілелері, сондай-ақ бірқатар шетелдік экспорт-кредиттік агенттіктері үшін, жапондық және кореялық қаржыландыруды ұйымдастырушы ретінде көрсетеді. Тараптар, ынтымақтастықтың бастапқы кезеңінде «Тау-Кен Самұрық» АҚ үшін кредиттік желіні ұйымдастыру мүмкіндігін тиімді қарастыру ұйғарымына келді.