«Тау-Кен Самұрық» АҚ пен CITIC Group Қазақстанда қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна болат өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігі қарастыруда.

«Тау-КенСамұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ делегациясы Қытайдың мынадай бірқатар өндірістік және ғылыми-зерттеу объектілерін аралап көрді: Лоян қаласындағы CITIC Heavy Industries Company Ltd ауыр машина жасау зауыты, Цзянъинь қаласындағы CITIC Pacific Speсial Steel болат құю зауыты, Пекин қаласындағы энергия үнемдеу, Нанкин қаласындағы Jiangsu Province Metallurgical Design институты, Гуанчжоу қаласындағы Guangzhou Research Institute of Non-Ferrous Metals түсті металдарды зерттеу институты, Чэнду қаласындағы Sichuan Lomon Titanium Industry Co., Ltd титан алабы

Сапар қорытындысы бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ пен CITIC Group корпорациясы арасында 2013 жылғы 7 қыркүйекте қол қойылған ниет туралы келісім шеңберінде, «Тау-КенСамұрық» АҚ пен CITIC Group корпорациясы Қазақстанда «Қазақстанның темір рудасы кен орындарын игеру негізінде жылына қуаты 1,2 млн. тонна жоғары маркалы болат болатын электрометаллургия кешенін салу» жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастықтың мүмкіндігін қарастыруда.

Аталған жобаны іске асыру өндіру, байыту, металлургия және машина жасау жөніндегі жаңа өндірістерді құруды қарастырады. Осы ретте, титан-магнетит тиімді қайта өңдеу, темірді тікелей қалпына келтіру өндірісі және инновациялық технологияларды қолдана отырып, жоғары сапалы және арнайы маркалы болатты алу бөлігінде әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының практикалық тәжірибесін пайдалану болжанады.

CITIC Heavy Industries Company Ltd Лоян қаласында ауыр машина жасау зауытына иелік етеді. Зауыт таубайыту жабдықтарын (уатқыш, диірмен), металлургия жабдықтарын, құю өнімдерін, автомобиль және кеме жасау өнеркәсібі үшін шыңдалған темір шығарады.

ҚытайдаCITIC Pacific Speсial Steel-тіңқұрамында жылына жалпы қуаты 9 млн. тонна болат шығаратын екі металлургия зауыты бар. Шығарылатын болаттың сапасы мен номенклатурасы бойынша, ҚХРдағы ең алдыңғы қатарлы болат құю компаниясы болып табылады. Негізгі металлургиялық қондырғылары мен жабдықтарын әлемнің мынадай жетекші компаниялары жасап шығарған: доғалы болат құю және басқа да пештер (SMS Demag/SMSSiemag, Германия), прокат желілер (Danieli, Италия) және т.б.Шығаратын өнімдері ҚХР аумағында орналасқан Merсedes Benz, BMW,Volkswagen концерндерінің жетекші автомобиль зауыттарына жіберіледі.

Shenwu Environment & Energy Technology Co. – Пекиндегі энергия үнемдеу және экология институты. Қызметін мынадай ірі үш бағыт бойынша жүзеге асырады:

1.жобалау;

2.көмірді және титан-магнетитті қайта өңдеу жөніндегі тәжірибелікөнеркәсіптік қондырғыларды ғылыми зерттеу жұмыстары;

3.мұнай-химия.

Ғылыми холдинг бірнеше мекемені біріктіреді, атап айтқанда, оның құрамына Нанкин қаласындағы Jiangsu Province Metallurgical Design институты кіреді. Аталған мекеме темір рудасын қайта өңдеу жөніндегі технологияны әзірлеуге мамандануда. Институт, титан-магнетит рудасын қайта өңдеу бойынша «Шень У» жаңа технологиясын әзілеп шығарды. Тәжірибелік қондырғылар, Пекин қаласы маңындағы компанияның базасына орналасқан.

Guangzhou Research Institute of Non-Ferrous Metals –Гуаньжоу қаласындағы түсті металдарды зерттеу институты. Институттың ҚХРаумағында және басқа да елдерде сирек және сирек жер металын қайта өңдеу бойынша ресурс үнемдеу технологиясын табысты қолдануда зор тәжірибесі бар.

Sichuan Lomon Titanium Industry Co., Ltd, Чэнде қаласының «титан алабы» аталатын өнеркәсіптік кешенді басшылық жасайды. Компания мынадай 4 негіздік өндірістік бағыт бойынша мамандануда; фосфор өнімі; ванадий-титан-темір; биохимиялық өнімдер. Жыл сайын 16 млн. тоннадан астам титан-магнетит рудасықайта өңделеді.